Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бойынша бензин бағасы бірден қымбаттады

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өсті, деп хабарлайды Қазақпарат. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне 137-ден 139 теңгеге дейін өсті.

бенқым

Осында АИ-95 бензині 150 теңгеге сатылуда. ҚМГ-де құны бойынша бензин төмен бағамен өткізіліп келді. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар бензин бағасы «Sinooil» жанармай құю стансаларында да қымбаттады.

Бұл компанияда АИ-92 маркалы бензині 140 теңгеге, АИ-95 маркасы 152 теңгеге сатылып жатыр. «Helios» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 138 теңге, АИ-95 отыны 150 теңге сомасында саудалануда. Бұдан бөлек, «Аурикада» АИ-92 маркасының құны 145 болса, АИ-95-тің бағасы 161 теңгені құрап тұр. «Газпромнефть» жанамай құю желісінде АИ-92 бензині құны жақында 139-дан 141 теңгеге дейін өсті.

АИ-95-тің литрі үшін жүргізушілер 153 теңге төлеп жатыр. Еске салайық, 2015 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанның монополияға қарсы күрес органдары Аи-92 және Аи-93 бензиндерін мемлекеттік реттеуден бас тартқан болатын. Өткен жылы 28 маусым күні дизельді отынның бағасын да еркіне жіберілгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Алматыдағы жанармай бекеттерінде бензинді толық құймайтыны белгілі болды

БҚО-да қар үстінде ұйықтап қалған полицей көлік қозғалысына кедергі жасады (видео)

Францияда мұсылман оқушыларды шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде

Ата-анасы қалың мал үшін тұрмысқа берген 8 жасар қыз неке түнінде көз жұмды (фото)

 

Талқылау