Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Босанғаннан кейін 20 келі қосып алған Қарақат арықтауға бел буды

Босанғаннан кейін 40 күн үйде отырған Қарақат Әбілдина күтінемін деп 20 келі артық салмақ қосып алғанын айтты. Әнші енді арықтауға бел буып отыр.

20482411_344348245999400_5239598941338599424_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, бірнеше апта бұрын желіде Қарақаттың атынан жалған жарнамалар қаптап кеткен еді. Арықтауға арналған дәрі өндіретіндер Әбілдина арқылы өз істерін дөңгелетпек болған. Сол кезде әнші тыңдармандарын сақтандырып, ондай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

“Жаңа босанған анаға томпиып отырған жарасатын шығар, әзірге арықтайтын ойым жоқ”, – деген еді әнші.

Енді әнші артық салмақтан арылмақшы. Ол үшін Әбілдина дұрыс тамақтану режімін ұстанатынын айтты.

“Қырық күн бойы сорпаланып, сары май қосылған майсөкпен ыстық шәй ішіп күтінемін деп осы жолы 20 кг қосып алыппын… Балаға сүт болу үшін майлы тамақты көп жеу керек деген ұғым дұрыс емес негізі! Адам өзін жақсы сезініп әдемі көңіл-күйде болуы барлығы тамақтан!” – деп жазды Қарақат.

Жіберіп алмаңыз:

“Ауырмайды жүректің” авторы ең танымал әртістермен дүркіретіп той өткізді (видео)

Балаларға іріктеу жасаған Сәкен Димашқа еліктейтін жастардың көбейгенін айтты (видео)

Асхат Садырбай экс-жұбайы Ерке Есмаханның әнін тыңдап жүр (видео)

Анталияда жүрген Аша Матай жұртты мінсіз мүсінімен қызықтырды

Талқылау