Қарақат: Бала емізетін әйелдің томпиып отырғаны жарасымды

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 11:58

Алаяқ жарнамашылар жаңадан босанған аналарды құрбан етуді әдетке айналдырған. Мәселен, өткен күзде ана атанған Аша Матайдың атынан артық салмақтан арылтатын әртүрлі дәрілердің жарнамалары толып кетті. «Доғармасаңыздар, сотқа беремін» деген сөзінен сескенді ме, әйтеуір Ашаның бір ауыз сөзінен соң ол жарнамалар сап тыйылды. Ендігі кезек Қарақат Әбілдинаға келіп жетті.

19228680_306899809761792_8045102494260396032_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бесінші сәбиін бауырына басқан әншінің дене бітіміндегі өзгерісті пайдаланған жарнамашылар көп күтпеді. Қарақаттың суреттерін алып, өз өнімдерін жарнамалауға кірісті. Ал оны көрген әнші тыңдармандарын сақ болуға шақырды.

«Әні-міне дегенше ораза да аяқталуға жақын қалды, менің қазіргі xәлімді білесіздер, қырқынан әлі шыққан жоқпыз бөпеммен үйдеміз. Ораза ұстаған ағайынның дұғасы қабыл болсын деп тілеулес болып отырған жайым бар. Телефонға бұрынғыдай көп қарауға да уақыт жоқ, арасында уақыт тауып қарап қалсам жарнамадан көз сүрінеді. “Қарақат эко слим ішті”, “монастыр шайын ішіп арықтады”, “Қарақат корсеттен арықтап кетті” деген сияқты атын өзім өмірі естіп көрмеген өнімдерді маған әкеліп таңа беретін болыпты.

Шынымды айтсам, арықтаймын деген ойда да жоқ қазір. Жаңа босанған анаға томпиып отырған жарасатын шығар деп жайқалып отырған жайым бар. Жыл өткен сайын тек қана жас емес, салмақ та қосылатыны анық қой енді, оның үстіне емізулі сәбиі бар ананың арықтаймын деп жанталасуы жараспайтын да сияқты ма қалай өзі?! Басымыз аман болса бір қалыпқа келерміз, адамның атын әр жерге тықпалай беру деген қандай жаман. Берекеңді алып, қадіріңді қашырады.

Негізі өз басым ақша үшін жарнамаға түсіп, ішпеген затты іштім деп өтірік айтатын дәрежеге түскен емеспін. Және басқа желілерде де жоқпын, барлық мен туралы ақпарат та, жарнама да осы жерде. Сондықтан арықтауға байланысты менің атыммен шығып жатқан түрлі жарнамаларға сенбеңіздер! Инста-әлемде бірге болайық достар!» – деді Қарақат.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: 5 жасқа дейін әкем ұл баланың іш киімін кигізетін

Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Жан Ахмадиев “Темір қатын” туындысындағы әйелдің кім екенін айтты

Мәдина Сәдуақасова 3 жасқа толған ұлына патшаның киімін кигізді (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Қарақаттың өзінен басқа айтатын әңгімесі жоқ па?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар