Жазира Байырбекова: 5 жасқа дейін әкем ұл баланың іш киімін кигізетін

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 11:15

Әншінің әкесі ұлды болуды қаласа керек-ті, туғанынан Жазираға ұл сияқты қарапты. Тіпті, 5 жасқа дейін ұл баланың іш киімін кигізіп, еркекшора етіп тәрбиелепті. Бүгінгі әнші Байырбекованың сахнадағы нәзік болмысына қарап, олай деу қиын, әрине. Бірақ расында солай.

19051829_1522267457816928_6500592813934116864_n

Бұл туралы әнші Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Жасы 40-тан асқан әнші осы күнге дейін «әртүрлі Жазира» болғанын айтып қалды.

«Адамды болмысынан ешкім өзгерте алмайды бір Алладан басқа. Алла қалай жаратады оның санасын, болмысын, ниетін, ол солай қалады. Ал одан басқа, өзім азғантай осы жасыма келгенше мен әртүрлі Жазира болдым. Бала кезде еркекшора Жазира болдым. Мысалы, 5 жасқа дейін әкем маған ұл баланың іш киімін кигізіп қойып, ұл сияқты қараған. Содан кейін мектепке бардым. Басқа айналамдағы қыздарға қарап, «мен қыз емеспін ба?» деп шашымды өсірдім, бантик тақтым. Ол кезде ерке Жазира болдым. 12-13 жасымда үлкен сахнаға шығып, жұлдыз Жазира болдым. Кәдімгідей жұлдыз ауруымен ауырдым. Біреу қатты сөйлеп қалса, «мен жұлдыз емеспін ба, бұл неге маған бұлай сөйлейді» деген де болды.

Тұрмысқа шыққаннан кейін мүлдем момын Жазира болдым. Өмірім күрт өзгерді. Өйткені алақанына салып, аялап, әбден еркелетіп, сахнада жұлдыз болып қалған Жазира басқа өмірге гүмп ете қалды да, екі жылдың ішінде сарбаздар сияқты, өмірге деген төзімділік, адамдардың сөздерін көтеру, сабырлылықты, кішіпейілділікті, сынды қабылдай білуді, барлығын үйреніп шықтым. Осы күнгі жетістігімді сол екі жылдық тәжірибемнің жемісі деп білемін», – деп ағынан жарылды Жанболаттың Жазирасы.

Жіберіп алмаңыз:

Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Тәуекел Мүсілім Мальдив аралдарында кіммен демалып жүр? (фото)

Атам имам болған деп жар салған Луина Рамазан айында жалаңаштанып, жұртты ашуландырды (фото)

Қарақат Әбілдина қызына “бесікке бөлеу” рәсімін өткізді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар