Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға іріктеу жасаған Сәкен Димашқа еліктейтін жастардың көбейгенін айтты (видео)

Өнер мектебін ашамын деп тыраштанып жүрген Сәкен Майғазиев кеше талантты бүлдіршіндер арасында іріктеу өткізді. Небәрі 7 мен 13 жас аралығындағы балақайлар арасында таңдау жасап жатқан әнші дарынды балалардың көптігіне қайран қалуда.

сакен майгазиев димаш 020817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Майғазиевтің айтуынша, Димаш Құдайберген халықтың музыка тыңдау әрі таңдау талғамын өзгертті. Тіпті, етек-жеңін енді жиып жатқан балалар арасында Димашқа ұқсағысы келетіндер көп екен.

«Классикалық үлгіде көп келіп жатыр балапандарымыз. Диапазоны кең әндерді айтып. Димаш Құдайберген інімізге көп адамдар разылығын білдіріп жатыр. Неге десеңіз, адамдардың музыка тыңдау талғамы сәл өзгерді», – дейді Майғазиев НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Әншінің айтуынша, оның педагогикаға бет бұруына өнердегі ұстаздары септігін тигізген.

«Өнердегі әкем, анам – Лаки Кесоглу мен Люция Төлешовалар: «Сәкен, сен міндетті түрде педагогикаға келуің керек. Сен мұны алып кете аласың», – деп сенім білдіріп, мені қамшылады», – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай экс-жұбайы Ерке Есмаханның әнін тыңдап жүр (видео)

Анталияда жүрген Аша Матай жұртты мінсіз мүсінімен қызықтырды

Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)

Інісімен қосылып күй шерткен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау