Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да телефон ұрлаған жасөспірім қыздың үш жылға бас бостандығы шектелген

БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жасөспірімдер А. мен С-ға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды.

60X-Mobile-font-b-Phone-b-font-Microscope-for-iPhone-4-High-Quality-Mini-font-b

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қос қыз биылғы 15 тамызда Оралдағы №21 орта мектеп жанында тонау мақсатында жәбірленуші Ю-дан такси шақырамыз деп, ұялы телефонын сұрап алады. Сосын жәбірленушінің назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, ұялы телефонды алып қашып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сөйтіп оған 20 мың теңге залал келтірген.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған С. ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен айыпты деп танылып, оған қатысты ҚР ҚК 68-бабы 2-бөлігі қолданылып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал А. ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге үш жылға бас бостандығы шектелді.

 

Талқылау