Оралда кәсіпкер 8 жастағы қызын өлтіру үшін киллер жалдаған

Жұма, 5 Ақпан , 2016 16:54

Оралда алимент төлеуден қашып, бизнесін бөліп бергісі келмеген кәсіпкер 40 жастағы әйел мен екеуіне ортақ 8 жастағы қызды өлтіруге тапсырыс берген. Бұл жайлы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

t0275krmnu7v-640

Сурет www.ampravda.ru сайтынан алынды

Қылмысқа дайындық жөніндегі хабарлама БҚО Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына түскен. Қазір әйел мен қызға күзет қойылды.

“Қылмыстың жолы кесілді. Жергілікті компаниялардың бірінің 60 жастағы басшысы мен қылмысты ұйымдастырушы — бұған дейін Қазақстан мен Ресейде екі рет сотты болған Оралдың 52 жастағы тұрғыны тіркеуге алынды”, — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметінше, кәсіпкер алдын-ала төлем ретінде 5 мың доллар ақша төлеген. Күдіктілер 2016 жылдың 2 ақпанында ұсталды. Олар қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Сотқа дейінгі тергеуді БҚО ІІД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Екеуіне де өте ауыр қылмысты ұйымдастырды деген айып тағылады. Ана мен оның баласының өміріне қауіп жоқ”, — деді ведомство өкілдері.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Заманныннын азгындыгы осы да

  • Жұмбақ жан says:

    Баладан садака кеткир

  • Жұмбақ жан says:

    Какбас олсенде калады гои, титтей баладан кызганып, өлгени жаксы еди гои.

  • Жұмбақ жан says:

    5000000 акша аз емес сол акшаны қызға бере салас басылды ғой

  • Жұмбақ жан says:

    Акырзаман. Айтарга созим жок.

  • Жұмбақ жан says:

    Сұмдық ай ,қандай әке сонда бұл. Негізі көбі әйелден көрет кінәні,мынадай азғын еркектер жүргенде айел азғындыққа бармай қайтет.

  • Жұмбақ жан says:

    Мәссаған..ол дүние мүлікті өзімен көріне әкетпекші ме

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар