Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биылғы жазда қарынды қыздар сәнді деп саналады (фото)

Заманына қарай адамы демекші, көпшіліктің сәнге деген көзқарасы өзгерген. Енді 90 х 60 х 90 сәнбикелер емес, толық қыздардың дәурені жүрмек. Бұл сөзімізге сенбесеңіз, әлеуметтік желілерге назар аударыңыз. Жуырда Лос-Анджелес қаласында XL форматтағы адамдарға арналған шара өтті. Аталған шара қатысушыларына бұрын-соңды болмаған талаптар қойылды.

новый коллаж

Инстаграм желісінде шамамен 36 мың адам Симоне Марипосаның суреттерін бақылап, оған еліктейтін көрінеді. Ол үнемі #WeWearWhatWeWant (“Біз қалағанымызды киеміз”) хэштегімен түрлі жазба салып отырады екен. Симона осылайша толық қыздарды стереотиптерден бас тартуға шақырады екен.

“Мен plus-size өлшемді қыздарға арналған хэштег таратқым келеді. Рlus-size ханымдар, егер менің расымен де осылай жасағанымды қаласаңыздар, сіздер де атсалыса отырыңыздар”, – дейді сәнбике.

0

0000

144368622540hh0

image

13774180_1089005241194146_2109745850_n

Симона, толық қыздар да өзгелер секілді тәнін айқындап тұратын киімдер киюден қорықпаулары керектігін айтады. Осылайша олардың өздеріне деген сенімділіктері артып, сұлулықтарын бағалауды үйренеді деп ойлайды. “Мен әрдайым өзім армандаған киімдерді кие бастадым. Осының арқасында өзімнің сұлу екеніме көзім жетті”, – деп сендіреді Марипоса.

Аталған флешмобке мыңдаған бойжеткен қосылған. Толық ханымдар ешуақытта кимеймін деп шкафтың түбіне салып қойған киімдерін киіп суретке түскен. Артынша аталған суретті әлеуметтік желіге #WeWearWhatWeWant хештегімен салған.

2f3f83755fa0a41d2043a0ebeb3cb53c_big-1

moneyact 19_zpsitrbfcuy

13113722_1157556724264331_1121625844_n

001143088d81095c20d010

13743459_1234154659958177_1076596554_n

2016 жыл – толық бойжеткендердің жылы. Бұл бойжеткендер соңғы бірнеше айдың ішінде өздері қалаған киімдерін киіп, сәнге еліктей бастаған. Мұнымен қатар, plus-size форматындағы сәнбике Эшли Грим су киімін де шығарып үлгерген екен. Ал халықаралық брендтер стандартқа сай емес киімдерін таныстыру үшін толық сәнбикелер іздей бастаған.


Жіберіп алмаңыз:

Индонезияда әлемдегі ең семіз бала диетаға отырды (фото)

Ресейдің 20 жастағы ең әдемі толық қызы (фото)

Американдық семіз әйелдің иогамен керемет айналысуы көпшілікті тәнті етті

Әйелдері семіздікпен мақтанатын 10 ел (фото)

Талқылау