Индонезияда әлемдегі ең семіз бала диетаға отырды (фото)

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 9:26

Индонезияда салмағы 192 келі болатын 10 жастағы баланы ата-анасы диетаға отырғызуға мәжбүр болды.

4fa5cc69-c18b-47c0-b843-180f4f977a3f

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Арья Пермана әлемдегі ең толық бала. Ата-анасы бала шектен шыққан семіздіктен көз жұма ма деп қорқады. Демікпемен ауыратын ол мектепке бармайды.

Бала күніне бес мәрте тамақтанады. Онда да тек пайдалы деген тағамдарды ғана: күріш, балық, сиыр еті, көкөніс сорпасы. Осылайша ол екі ересек адамның тамағын бір өзі ішеді.

ccf7a984-542b-4a56-aef3-9beab1026f77

“Ол тек ұйықтайды және тамақ ішеді. Кейде бірнеше сағат бойы бассейнде отырады”, – дейді Арьидің анасы Рокайя.

9f5c2c87-cd76-47ab-aa6f-29257fb9410b

Ол баланың 3,2 келі әдеттегі салмақпен туылғанын айтады. Алайда екі жасынан бастап күрт тола бастаған. Әйел баласының салмақ тастап, мектепке барып достармен араласқанын қалайды.

Рокайяның айтуынша, баласы үнемі “аш жүреді” екен. Сол себепті оны тамақтандыру үшін ата-анасына тұрақты түрде табыс табуға тура келеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар