Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкекте кинотеатр дәретханасында 13 жастағы қызды зорлаған

Бішкекте 1988 жылы туған жігіт 13 жастағы қызға кинотеатр дәретханасында азғындық көрсетті. Адвокатының айтуынша, күдікті жеткіншек қызды саусағымен зорлаған.

Бұл оқиға 2016 жылы болғанымен енді ғана жария болды. Тергеушілер қылмыстық іс жүргізуден бас тартты.

«Балалар Ыстықкөлге лагерге барған. Кейін кинотеатрға барады. Лагердегі балалар арасында басқарушысы жеткіншекті дәретханаға шақырып алады. Ол жерде күштеп азғындық көрсетеді. Біреуге айтпа деп қорқытады. Сондықтан бұл жайлы ешкім білмей келді», – дейді адвокат Қайғыров.

2018 жылы наурыз айында қыздың анасы бұл жайлы естиді. Бірден полицияға арызданады. Тергеуші психологиялық-психиатриялық сараптама қойған.

«Сараптама нәтижесіне дейін тергеуші іс қозғалмайтыны туралы шешім шығарды. Біз прокуратураға арыздандық. Олар істі қайтарғанымен, іс қайта жабылды. Осылай бірнеше рет қайталанды», – дейді адвокат.

«Олардың неліктен істі жабатынын түсінбедім. Сараптама нәтижесіне сәйкес, қыз өтірік айтатын адам емес. Бірақ милиция еш әрекет етпейді. 2018 жылы 12 шілдеде тергеуші бізді шақырып, біз жеткенше күдіктіні жібере салыпты. Орынбасарға айтып едік. Ол бізді тыңдаған да жоқ. Біз күдіктінің кім екенін де көрген жоқпыз», – дейді адвокат.

Арман Қайғыров елдегі ІІБ басшысы мен өзге де күштік құрылымдардың назарын аударғысы келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау