Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевқа қатысты сот Қазақстанның имиджіне әсер етті ме: Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджіне қаншалықты әсер етті. Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Смадияров Бишімбаевқа қатысты сот процесі аясында Еуропа мен Америкадағы бірқатар шерулерге қатысты түсініктеме берді. 

"Оны елімізде болып жатқан процестерден хабардар қарапайым азаматтар ұйымдастыруы әбден мүмкін, Мемлекет басшысы заңға бүгін қол қойды. Қазақстанның имиджіне ешқандай нұқсан келген жоқ деп ойлаймын. Расында көптеген аймақтық серіктестермен салыстырғанда біз әлдеқайда алдамыз. Бұл – халқымыздың шетелдегі азаматтық ұстанымының қалыпты көрінісі. Жастардың бұған белсенді қатысып, өз ұстанымдарын көрсетіп жатқанына қуаныштымын", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын Еуропа мен Америкада қазақстандықтар бейбіт шерулер ұйымдастырған еді. Қыздар шеруге отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару үшін шыққан. 

Талқылау