Бір аяғынан айырылған британиялық ару жалаңаш фотосессияға түсті (фото)
Ұлыбританияда тұратын 21 жастағы Вики Балч жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Ол жақында ғана іш киіммен ғана ерекше фотосессияға түсіп таңқалдырды.
Қыз түсірілім алдында ойға батып, біраз толқыған. Себебі ауыр жарақаттан кейінгі аяғының жоқтығы, оның жүйке жүйесіне де біраз салмақ түсіріпті. Қатты уайымдағаны соншалық тіпті түсірілімнен бас тартпақшы да болған.
Алайда түсірілім алаңына келгеннен кейін, қайтадан көңілі орнына түскен. Кейінірек ол біраз уақыт үзілістен соң қайтадан сексуальды, нағыз әйелге тән қасиеттегі адам ретінде сезінгенін айтты.
Ол 2015 жылы америкадағы парктердің бірінде саяхаттап жүріп, оқыс апатқа кез болады. Операция үстелінде жатқан қыздың аяғын аман сақтау үшін дәрігерлер үш сағат бойы күрескенімен, нәтиже бермейді.
Оның ең жақын құрбысы Andrew Wood Photography студиясының тегін фотосессиясын ұтып алады. Сосын Викиге ұсынып бағын сынап көруге кеңес береді.
Вики қуана келіскенімен, іш киіммен қаншалықты сұлу көріне алатынын ойлап күмәнданады.
Алайда фотограф жұмысының нәтижесін көргеннен соң көңілі орнығып, бәрінің сәтті шыққанына қуанады.