Білім министрлігі жетім балаларды «топас», «салақ», «басы істемейді» деп сипаттаған

Дүйсенбі, 11 Шілде , 2016 16:26

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер қоры қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Өткен жұмада Білім және ғылым Министрлігі тұсауын кескен жобада кейбір бүлдіршіндер топастау, еріншек, салақ, аңғал, қорқақ, сараң, ой-өрісі кеміс, бір сөзбен айтқанда, басы істемейтіндер деп сипатталған.

документы-на-усыновления2

Сурет: kz.otyrar.kz 

Бұл туралы kostanaytany.kz хабарлайды.

Ол ол ма? Хобби деген графаға «қолынан еш нәрсе келмейді» деп жазып қойыпты. Деректер қорын дұрыс тексермей, осындай масқаралыққа, кемсітушілікке жол берген Білім министрлігі де, жетімдер үйінде балаларды бағып отырған «педагогсымақтар» да кінәлі деп санаймын. Себебі, кішкентай бала деп, туған-туысқаны жоқ деп, оның ар-намысына келетін сөздерді бүкіл жұртқа жайып салу – барып тұрған қылмыс. Басқаша атауға да сөзім жоқ. Әлеуметтік желілерде басы дауға қалған ведомствоның атынан министрдің кеңесшісі Балия Әкімбекова ақталып, кемшілікті түзетуге уәде берді.

Ал балаларды қорлаған «басы істемейтін» педагогтарға қандай жаза қолданылатыны туралы тіс жармады. Меніңше, оларды жұмыстан қуып қана қоймай, темір тордың ар жағына жіберу керек. Себебі мұндай педагогтар баланың психологиясын бұзып, тұлға болып қалыптасуын тежейтіні анық.

Айта кетейік, бүгінде елімізде жетім не ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 666 бала тіркелген екен. Олардың 8 мыңнан астамы жетімдер үйінде тәрбиеленуде. Алғашқы сатыда жаңа жүйеге дәл осы топтағы балалар енгізілген болатын.

3

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Анонимно says:

    Журек ар намыс калмадыгои казакта

  • Анонимно says:

    Біздің қоғам қандай күйге түсті. сол қызметтегі адамдардың жүректерінде кишкентай болса да мейірім мен иманның жоқ болғаны ма? Педагогтардың санасы солай жазуға жетіп тұрса басқасынан не қайран. Ау қазағым қалың елім , қайран жұртым басқа жетімдер үйінде қандай сұмдықтың бары тек құдайға аян. Адам баласы әр істі жасарда тек құдайдан қорқу керек.

  • Айболат says:

    Сол анкетаны толтырған педогогтың мінездемесі-жауыз, қатал, сауатсыз, ақымақ, надан, жауапсыз, ақыл-ой біртүрлі. Осындай адамды жұмыстан босатып, жүйке аурулар диспансеріне жіберу керек.

  • Бибинур... says:

    Ата бабамыз жетiмiн жылатпаган, ал бiз кайда бара жатырмыз. Ардайым имандылыкка баулып отыратын аталарымыз бен ажелерiмiз кайда? Аксакал аталарымыз шалга айналды, аузында бiр батуасы жок, iшкенi арак… Акжаулыкты ажелерiмiз мыстан кемпiрге айналды, тырнактары сояудай, бастары жалан бас, коретiндерi yндiнiн киносы мен турiктiн киносынан бас алмайды. Жастар кайда бармак сонда. Кiмнен улгi алмак… Сойтiп келiп жастар бузылган дейсiндер…

  • Анонимно says:

    Өзінің басына келмеген көп іргені не жол болсын! Өзіде бала тəрбиелеп отырған шыға . Басына келсін демесі, де секте олар үшін өзі қорқуға тиіс деп ойлаймын. Лұқпан Жолдас ағамыздың ” Сəбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған” əніне құлақ ассын демекпін.

  • Анонимно says:

    Балар уйi тугелi бала бакшанын озiнде балаларды тарбиешелер буйтпе сойтпе деп бiр орнынан козгалтпай кояды. Балар уйiндегi баларга еркiндiк кайда, жаутендеп ар адамнын кас-кабагына карап журсе, осе келе оз еркiндiгiн алган кезде ненiн жаксы ненiн жаман екенiн бiлмей жамандыкка урынады…

  • Гульнара says:

    Біздің кейбір министрлер тура осындай

  • Анонимно says:

    Масқара, елимиз қайда кетіп бара жатыр. Адамгершіліктен жұрдай педагогтарды қатаң жазалау керек.

  • Тазагүл says:

    Балалармен жұмыс жасайтын мекемелерде иманды, баланы кімнің баласы екеніне қарамай жақсы көретін адамдарды ғана осы қасиеттеріне қарап жұмысқа алу керек.
    “Волевые качества- боязливый” -деп жазылыпты, бала күнделікті айналасынан қорқып өмір сүруге мәжбүр. Өте аянышты. Қорқып жүрген балада қандай хобби? Сөйлеуге де, бір затты ұстауға да қорқатын шығар.
    Бала өз тағдырына кінәлі емес қой…
    Бір – бірімізге мейірбан болайықшы. Ертеңімізді ойлайық!

  • Қазақша ем сайқалдарға says:

    Кім де кім жетімнің басынан сипап. Оған жанашырлық танытса?! Ақиретте менімен былай тұрады ол адам деп, екі саусағын қосып көрсеткен, Мұхаммед пайғамбарымыз с.ғ.с!

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар