Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова алдағы жылдары ұстаздардың жалақысы қалай өсетінін мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын өсіру білім бағдарламаларының жаңартылған мазмұнына көшуге байланысты жүзеге асады, деп хабарлайды Sputnik.

“Осы жылдың қаңтарынан бастап 1, 2, 5 және 7 сынып мұғалімдерінің, қыркүйектен бастап 3, 6 және 8 сынып мұғалімдерінің жалақысы артады. Ал одан кейін бекітілген кестеге сәйкес 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 4, 9, 10 сынып, 2020 жылы 11 сынып ұстаздарының еңбекақысы көтеріледі. Елбасы жолдауында атап өткендей, қосылатын жалақы лауазымдық еңбекақының 30 пайызын құрайды. Мәселен, қалаларда 15 жыл еңбек өтілі бар бірінші санаттағы ұстаздардың жалақысы 24 мың теңгеге өссе, дәл осындай еңбек өтілі бар ауыл мұғалімінікі 25 860 теңгеге артады”, — деді Асылова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілетінін атап өтті.

“Қосымша ақы төлеу жүйесінде ұстаздардың біліктілік деңгейі ескеріледі.  Категория ұлттық біліктілік тесті арқылы беріледі. Расталған біліктілік деңгейіне байланысты жалақы 20 пайыздан 50 пайызға дейін өседі. Мысалы, егер 15 жыл еңбек өтілі бар бірінші санаттағы қала мұғалімі тест арқылы бір саты жоғары деңгейге өтсе, онда қосымша ақы 28 мың теңге, ал ауыл мұғалімі үшін 36 мың теңгені құрайды”,- деп түйіндеді Асылова.

Тағы да оқыңыз:

Жеңгетай “Мама Роза” мен жезөкшелере қорған болған полковник кім? (фото)

Сотталған жігіттің әйелі: Күйеуіме массың деп тиіскен полицейдің бірі көлік капотына мініп, терезені сындырды

Қарағанды облысының тұрғыны ақшадан тарыққандықтан діни ағымға кіруге бел байлаған

Талқылау