Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды

Ресейдің белгілі сықақшы, жазушысы Михаил Задорнов 69 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлайды.

Әртістің қазасы туралы тележүргізуші Регина Дубовицкая хабарлады. “Иә, шын мәнінде, Михаил Задорнов қайтыс болды. Басқа ештеңе айта алмаймын. Бәрі кенеттен болды”, — деді ол.

Қазан айының басында Задорнов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылға дейін сырқатына байланысты бірнеше концертін кейінге қалдырып отырғанын хабарлаған болатын.

Задорнов — жазушы-сықақшы, әзілкеш, актер. Америкалықтардың өмір салты мен мәдениетін сықақтауға негізделген монологтары жұрт арасында ерекше танымалдылыққа ие. 2016 жылы әртістің мидің қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болды.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айтты

Ақтөбелік келіншек ішіне кірген жынның әсерінен түрлі әрекетке баратынын айтты

Түнгі клуб күзетшісі: Бұл жерге қыздар қалталы азаматтармен танысу үшін келеді

Талқылау