Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусьте ер адам өз өтініші бойынша енесін өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған

56 жастағы зейнеткер бірнеше жыл төсек тартып ауырып жатқан енесін аңшылық қарумен атып өлтірді. Беларусь елінің Пинский ауданына қарасты Логишин кентінде 56 жастағы ер адам  өз енесінің басына оқ атқан.

n9o8f6nB2P4

Ол бұл қадамға 77 жастағы зейнеткер ұзақ уақыт төсек тартып, жүре алмай қалған соң барған.

Артынша ер адам өлер алдында хат қалдырып,  өз-өзіне қол жұмсаған.  Оның айтуынша, енесін ол оның қайғысын жеңілдету үшін өлтірген. Жазбада ол енесі өтінген соң, өлтіргенін, және бұл күнәні арқалап өмір сүре алмайтындықтан, өз-өзін өлтіруді жөн санағанын жазған. Хатта сондай-ақ ол барлық туыстарынан кешірім сұраған.

Талқылау