Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусь президенті Назарбаевқа аяғындағы бәтеңкесін шешіп көрсетті

Беларусь президенті Александр Лукашенко белорусиялық аяқ киім кигенді жақсы көретінін айтты. Лукашенконың сөзінше, отандық брендтің аяқ киімі Назарбаевқа ұнап қалған.

Беларусь президенті Назарбаевқа аяғындағы бәтеңкесін шешіп көрсетті

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Беларусь президенті 2 қарашада жұмыс бабымен Витебск облысында болып, жергілікті кәсіпорындарды аралады. Олардың біріне келген Лукашенко сол жерде шығарылатын аяқ киімді ұнататынын айтты. Оның сөзінше, бұл аяқ киім өзге елдердің басшыларының да назарын тартады екен.

«Мен түрлі мемлекет басшыларымен кездескенде, олар италиялық және тағы басқа жақта шығарылған аяқ киім киеді. Назарбаев маған: «Сен мұндайды (ред. Лукашенко киген аяқ киімді) қайдан алдың?» – дейді. «Беларусьтен», – деймін мен», – дейді Лукашенко.

Беларусь басшысының сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев бастапқыда бәтеңкенің Беларусьте шығарылғанына сенбеген.

Сонымен қатар Лукашенко аяғындағы аяқ киімін шешіп, өндірушінің маркасын көрсетуге мәжбүр болғанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау