Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беделханның келіншегі өзінің жүкті екенін ерекше жолмен хабарлады

Еліміздегі ең атышулы топ Ninety one-ның продюсері Ерболат Беделхан жақында төртінші рет әке атанады. Қуанышты жаңалығымен желіде Ерболаттың келіншегі Асыл Беделхан бөлісті.

беделханы в сборе

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әдетте жұлдыздар сәбилі болатындарын жар салып, арнайы пост арқылы хабарлайды. Ал кейбіреулер босанғанға дейін үнсіз жүреді. Алайда Асыл Беделхан мұның екеуін де істеген жоқ.

Ол жұмыс процесінің қалай жүріп жатқанын көрсетіп, сөз арасында сәби күтіп жүргенін айтып қалды.

“Жүктілік кезінде жұмыс істеуге тыйым салынған жоқ. Бізде ашық есік күні”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

асыл беделхан беременна

Иә, осылайша Беделханның келіншегі өзі басқаратын Juz Academy орталығын жарнамалап, өзінің жүкті екенін хабарлап, бір оқпен екі қоянды атты.

Бұл ретте желі оқырмандарының басым дені ашық есік күні туралы ұмытып кетіп, Асылды құттықтады.

Айта кетейік, Ерболат және Асыл Беделхандардың үш баласы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Серікбол Сайлаубек жұртты күлдіремін деп бір айлық жалақысынан қағылған

Кенжебек Жанәбілов жалғыз ұлының дерті жайлы айтып, жұртты жылатты

Ернар Айдар денсаулығының жақсарғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады

Танымал композитор өзін министр Арыстанбек Мұхамедиұлының бопсалағанын айтып шағымданды

Талқылау