Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубек жұртты күлдіремін деп бір айлық жалақысынан қағылған

“Оу, жеңге” деп қазақтың тойында бүкіл жеңгелерді билетіп жүрген Серікбол әншіліктен бұрын даяшы болып қызмет еткенін айтты. Тіпті, барахолка базарында анасының орнына сатушы да болып, талай достарын түскі аспен қамтамасыз еткен.

серік

Бұл туралы әншінің өзі stan.kz тілшісіне айтып берді.

Студент кезінде күн көру үшін емес, қыдыру үшін даяшы қызметіне бардым дейді Серікбол Саулаубек. Талай адамға жем болып, асын төлемей кететін алаяқтар үшін бір апталық айлығын да ала алмаған күндері болған.

«Даяшы болып жүргенімде мен өте көңілді адаммын ғой. Тапсырысты табақпен ойнатып әкелетінмін. Сонда бір ыдысты құлатып, шыныларды сындырып, бір айлығымды бергенім бар. Одан кейін келушілерге көп алдандым. Ақшасын төлемей қашып кететіндер болды. Олар үшін бір апталық айлығымнан қағылдым. Кәдімгідкей төлемей қашып кетеді ғой»,-деп бір күліп алды әнші.

Даяшыдан соң Серікбол базарда балалар киімдерін сатқан. Саудасы да жақсы болған сияқты. Өйткені, күніне 30 мың теңгенің киімін сатып қалтасына басып отырыпты. Өйткені, анасының өз кәсібі екен.

«Анамның заттары болды. Сол үшін ақшаны емін еркін оңды солды жұмсадым. Күніне 30 мың теңге түссе, жұмыстан соң оны өзіме жарататынмын. Әсіресе достарыммен қыдырып құртып қоятынмын. Менен саудагер шықпады»,- дейді Серікбол.

Ал, Өмірқұл Айниязов бір қап пиязды бес теңге үшін көтеріп жүк тасушы болған күнін есіне түсірді.

өмірқұл

«Студент едім. Енді ол кезде қазіргідей емес, ауылдағы ата-анамызбен алты айда бір хабарласатынбыз. Оларда іздемейтін. Ал ақша керек. Тәуелсіздік алған жылдары ғой. Қиын қыстау заман. Жатақханаға бір кісілер келіп бір Камаз пияз бар түсіретін жігіттер болса десе, сол жігіттердің алдында мен тұратынмын. Сонда бір қапты бес теңгеге көтеріп, тасып береміз»,- дейді Өмірқұл Айниязов.

Талқылау