Кенжебек Жанәбілов жалғыз ұлының дерті жайлы айтып, жұртты жылатты

Жұма, 16 Маусым , 2017 14:16

Сырт көзге бал-бұл жайнап, бақытты көрінгенімен, өнер адамдарының да ел білмейтін проблемалары бар. Мәселен, «Музарттың» кенжесі Кенжебек Жанәбіловті ел үнемі көңілді жүретін жан ретінде таниды. Алайда оның жүрегіндегі жан жарасын тыңдармандар білмейді.

18645658_205271876659148_8496103059959578624_n

Әншінің тұла бойы тұңғышы, ұлы Ахмет есту қабілеті төмен болып туған. Баласы үшін алаңдаған Кенжебек пен Жәмилә тау-тасты аралап, ем іздеген.

Бұл туралы әнші “Той думан” арнасына айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Алла сүйген құлына сынақ береді дейді ғой. Біздікі де солай болған шығар, біздің бірінші ұлымыз Алланың сынағымен есту қабілеті төмен болып, 4-5 жылдай жүректі ауырттық. Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Германияға, Пекинге бардық. Ақыр аяғы өзіміздің Қазақстанда ота жасатқызып, Аллаға шүкір қазір қалпына келіп, мектепке барды. Біз соны қанша уайымдадық», – дейді Кенжебек.

Бүгінде ұлдарының мектепке барып, жазу жазып, сызу сызғанын көрген ата-ананың қуанышында шек жоқ.

«Ондай қиындықтардың бір шетінен болып тұрғаны да дұрыс шығар. Мұндай нәрсе емес, әрине. Бірақ арасында осындай сынақтар болып тұрғаны дұрыс шығар. Адам өзі тәубесіне келіп, алды-артын ойлап тұрады. Барлық нәрсе дайын тұрса, дұрыс емес те шығар», – дейді әншінің жары Жәмилә.

Қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген Кенжебек пен Жәмилә бүгінде бақытты. Енді әнші кеміс туған балалар үшін мектеп ашуды армандап жүр.

«Әке-шешеден де ерте айырылғам ғой мен. Сондықтан сондай жағдайлармен де біраз жүректі ауыртқанбыз. Қазір өз өзімізге келіп, Аллаға шүкір, баламыз сабақ жазады, оқи алады. Сіздің атыңызды, біздің атымызды айтады, үйдегі Калима Камиланы, Жәмиләні айтады. Біз соны айтуын армандағанбыз. Аллаға шүкір, сол күнге жеттік. Ендігі арманымыз балаларды дамытып, білімін жоғарылатып, үлкен жерлерде өзін өзі алып жүрсе екен деген ой.

Бұл туралы еш жерде айтпаған едім. Бірақ алдағы уақытта сондай балаларға арнап мектеп ашсам деймін. Өйткені ол менің басымнан өтіп жатыр. Бізде Қазақстанда қаншама cолай туылып жатқан балалар көп. Бір ата-ананың жағдайы көтереді, біреуінікі көтермейді деген сияқты. Көтермегендерге неге жағдай жасамасқа?» – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар денсаулығының жақсарғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады

Танымал композитор өзін министр Арыстанбек Мұхамедиұлының бопсалағанын айтып шағымданды

Джеки Чан «Доспехи Бога» фильмін Қазақстанда түсіргісі келгенін айтты

Ақбота Сейтмағамбет диплом алғанын айтып мақтанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар