Бәйдібэкспо есімді бүлдіршіннің ата-анасы не себепті ерекше есім таңдағандарын түсіндірді

Бейсенбі, 9 Қараша , 2017 12:15

Астаналық сәбиге БәйдібЭкспо деген есім берілді. Оңтүстіктен көшіп келген отбасы үшінші перзентіне осындай ат беріпті. Ерекше есімге ие болған нәресте қыркүйекте туған. Есімін Экспо-2017 көрмесімен байланыстырып қойған сәби 16-шы қыркүйекте туған. Бойы 57 см, ал салмағы 4 келіден асаып туған,-деп жазды Еуразия арнасындағы Басты жаңалықтар қызметі.

Әп-сәтте есімі елге тараған сәби Ырысмовтар отбасында дүниеге келген. 17 жыл бұрын отасқан жанұяның Бәйдібэксподан өзге екі ұлы бар. Әкесі Мейрамбектің айтуынша, тұңғышы ата-әжесіне, екіншісі нағашыларына жақын. Ал бұл періште  нағыз өз баламыз деп әзілдейді.

«Өзіміз Бәйдібек бабамыз сияқты ұлы, тарихи тұлға болсын деп. Өзіміз Бәйдібек ауданынанбыз. Әркім өз баласына жақсы кісілердің атын қояды ғой жұғысты болсын деп. Және мына елімізде халықаралық дәрежеде ЭКСПО өтті. Сондықтан, Экпо жылында туылды. Мысалы менің әкемнің аты Мейрамбек, мен Мейрамбек, ұлым Алтынбек, сондықтан бізде бәрі бек деп келе жатыр. Сондықтан, бұл Бәйдібек, СПО деген қосылды», -дейді Бәйдібэкспоның әкесі  Мейрамбек Ырсымов.

Отағасы сондай-ақ, ұлының атын Рухани жаңғыру аясында «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, өзі туған ауданның атын шығарсам деген ниетпен қойғандығын айтады. Бұл ұсыныс  сүйген жарының да көңіліне қона кеткен.

«Өмірге кірпіш болып қалансын деп Абай атамыз айтқандай, жақсы азамат болсын деген ниетпен, осылай қойдық. Көне атты қазіргі заманауи атқа байланыстырып, бәйдібэкспо деп», – дейді Бәйдібэкспоның  анасы  Лаура Тоқсанбаева.

Отбасы жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрады. Астанаға жуырда ғана көшіп келгендіктен, баспана мәселесі басты орында. Осы мақсатта отанасы ертерек жұмысқа шығуды жоспарлап отыр  екен. Ал кішкентайдың ендігі күтімі әжесінде.

«Осы Бәйдібэкспо екеуміз енді дос боламыз. Осыған қараймын енді. Мамасы жұмысқа шығады», -дейді  әжесі Айша Қаражігітова.

Елімізде тек айтулы оқиғалармен байланыстырып қана емес, қиын-қыстау сәттерге қатысты есім қойылған бүлдіршіндер де бар. Мәселен, Дағдарыс деген. Осыған қатысты саясаттанушы Айдос Сарым мынадай әзіл-қалжыңы аралас дүние жазды. Ал шариғат бойынша ат қою талаптарын діни басқарма өкілдері былай деп түсіндіреді.

«Жақсы ат таңдау, сол ат қойылған нәрестенің өміріне, тағдырына тікелей әсер ететіні келтіріледі. Әсіресе, ат қойған кезде батырлардың, дана, данышпандардың есімін қойып жатады. Мысалы үшін, жағымсыз ат қою сол баланың өмірінде моральдық тұрғыда тосқауыл болуы мүмкін. Өз атынан ұялуы мүмкін, қоғамда ол белсенді болмауы мүмкін», -дейді  ҚМДБ мүфтияттың уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров.

Дегенмен, ат таңдауда әр ата-ананың өзіндік еркі бар. Биыл 10 айда Астанада 26 мыңға жуық сәби дүниеге келген екен. Сатистика көрсеткендей, қыздар арасында София, Амира, Кәусар және Елдана есімдері сәнде екен. Ал ұл балалар арасында Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан аттары басты орынға шығып отыр.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан “Қайда?” клипінің жалғасын ұсынды (видео)

Бейбіт Сейдуалиева: Орысша оқыдым, әндерімнің мағынасын анам түсіндіріп беретін

Нағыз өнер адамының жары: Достары Асылхан Төлеповтің жұбайын сипаттап берді (видео)

51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар