Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы Ақан Сатаевқа қолдау білдірді

Продюсер Баян Мақсатқызы (Мұхитденова) кино саласындағы әріптесі, режиссер Ақан Сатаевқа қолдау білдірді. Қазақстандық кинематографияның даму үрдісін сөз еткен ол «Анаға апарар жол» фильмін жоғары бағалады.

мапад

«Сіздіңше, қазақстандық кинематография саласы бір орында тұр ма? Өзіңіз тексеріп көріңіз. Талантты режиссер, досым әрі әріптесім Ақан Сатаев қарапайым халықтың жүрегін жаулап алуда.

«Анаға апарар жол» фильмі жанды тебірентпей қоймады. Ана махаббаты заман талғамайды. Коммерциялық киноны әр көрерменнің жүрегіне жеткізудің қандай қиын екенін өз тәжірибемнен білемін. Бұл фильмнің мүмкіншіліктері көп. Бәрекелді, Ақан, Хасан Қыдыралиев, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек және барлық түсірілім тобы!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Мақсатқызы мен Аша Матай талғамсыз киімдерімен таңқалдырды (фото)

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шәйі тәтті еді, қазір келінімнің шәйі бал болып жатыр (видео)

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы кінәсін мойындады

Асхат Садырбайдың анасы: Еркенің “ұрды” дегені сәл артық болды

Талқылау