Асхат Садырбайдың анасы: Еркенің “ұрды” дегені сәл артық болды

Сенбі, 8 Қазан , 2016 10:13

Соңғы уақытта танымал тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай туралы, оның жеке өмірі туралы алып-қашпа әңгімелер жиілеп кетті. Қауесеттің басым бөлігіне негіз болған алғашқы отбасына қатысты жайттар. Ал осыдан бірнеше ай бұрын тележүргізуші үлкен жол апатына душар болып, денсаулығына біраз зақым келген еді. Апаттың ауыр болғаны соншалық, көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тәсілім етті. Журналистерге сұхбат берген Асхат Садырбайдың анасы ұлының бірінші отбасына қатысты шындықты айтып берді.

photo_27255

Фото: вконтакте желісінен

Бұл туралы Іkerim.kz басылымы хабарлайды.

– Оразгүл апа, сәлеметсіз бе? Сұхбатымыздың көп бөлігі сіздің ұлыңыз, танымал журналист, тележүргізуші Асхат Садырбайға қатысты болмақ. Әңгімемізді Асхаттың бала кезінен бастасақ. Қандай бала болды? Мінез-құлқы қандай еді?

– Шүкір, Алла маған 3 ұл, 2 қыз берді. Тұңғышым мен кенжем  қыз. Ортасында үш ұлым бар. Сол ұлдың ортаншысы осы – Асхат. Ол өзі ерекше жаратылған бала. Жалпы сырттай қараған адамдар оны қатал деп ойлап қалады, бірақ балаларымның ішіндегі ең мейірімдісі, бауырмалы, қайырымдысы. Әрі ішкі жан дүниесі өте жұмасақ. Бәрі де қайырымды ғой, дегенмен кішіге де, үлкенге де бірдей көңіл бөліп, жағдайын ойлап отырады, барлығына уақыт тауып жүреді. Мектепте де жақсы оқыды. Әркез айтқан әңгімеңді аяғына дейін тыңдап, содан ой түйіп жүреді. Ешқашан еш жерден кешіккенді қаламайды. Өзі де кешікпейді. Жүрдім-бардым емес, жауапты да нақты береді. Жауапкершілігі өте жоғары.

– Асхаттың қазіргі жағдайы, денсаулығы қалай?

– Аллаға шүкір, тәуір. Ең бастысы – аман қалғаны. Әуелі Алланың қарасқаны, екінші ақ халатты абзал жандардың арқасы. Алдымен екі балдақтың көмегімен аяққа тұрды, қазір бір таяқпен жүріп жатыр. Жаратқан өзі  сауығуына жәрдем беріп отыр ғой. Біраз уақыт қымыз ішіп, ем алып ауылда болды. Қазір Алматыда. Өзім көбіне жанында боламын.

– Келініңіз де сол уақытта босанды ғой?

– Иә, мамырдың 22-күні босанды. «Бұлттан кейін күн шығар» демей ме?! Аман-есен қол-аяғын бауырына алды. Зейін атты баламыз дүниеге келіп, Асхатым ұлды болды.

PhotoLab-1-768x692
Фото: ikerim.kz

– Асхат ел алдында жүрген азамат болған соң, артынан сан түрлі қауесеттің ерері сөзсіз. Ерке Есмаханның сұхбатынан кейін ол тіптен көбейіп кетті десек те болады. «Қол жұмасады», «Үшінші отбасын құрып жатыр», «Сыйға берген дүниелерін қайтарып алды» деген әңгімелер айтылды. Асхат мұның барлығын еш пікірсіз қалдырды. Сіз анасы ретінде айтыңызшы, осылай болып па еді?

– Екеуі де елдің алдында жүрген адам. Асхат ер азамат қой. Еркенің заты – әйел. Асхатқа сабыр сақта дедік. Ол да ұстамды бола білді. Өзінің қандай адам екенін біледі ғой. Әркім айтқан сөзіне Алланың алдында, адамның алдында жауап береді. Зиянды әдеттерден аулақ болса, ішімдік ішпесе, шылым шекпесе, артық жүрісі болмаса ер адам еш уақытта әйелге қол жұмсамайды. Тәубе деп айтайын, балаларым келіншектеріне қол көтермейді. Ана көрген, ана сыйлаған бала ондайға бармайды. Мен ешқандай мүмкіндік те бермеймін. «Ұрды» дегені сәл артық болды. Себебі сабырсыздық, қол алып жүгіріп, әкіреңдеу деген менің балаларыма жат нәрсе. Ол елге солай деп айтты. Бірақ ел өзі електен өткізіп, Еркенің кім, Асхаттың кім екенін ажыратып алды деп ойлаймын.

– Сонда бұл айтылғандар еш негізсіз болды ғой….

– Екеуі сөзге келіп қалғанда болуы керек, үйден шығарда неке жүзігін балама қарай лақтырып жіберіпті. Сол сәтте балам «қайта қосылып жатсақ тағармын» деген үмітпен ғана аяқ астынан көтеріп алып кетіп қалған. Осы жағдай оған «сыйлықтарын қайтарып алды» деп айтуға негіз болды. Алла тек абырой берсін. Еркеге еш жамандық тілемеймін. Қайта дұға, тілектеріме қосып отырамын. Өйткені ол немеремді бағып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

Ерке Есмахан: Әйелдің бақыты – отбасы (видео)

Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» деп айыптағандарға жауап берді (видео)

Той иесі Мақпал Жүнісованың ақшасын бермей, алдап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар