Баян Есентаеваның кезекті жазбасы лүпіл жинаудан рекорд орнатты

Сәрсенбі, 22 Маусым , 2016 12:50

Күйеуі пышақтап ауруханаға түскен продюсердің әлеуметтік желідегі кезекті жазбасы лүпіл жинаудан рекорд орнатты.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 17-сі күні Баян Есентаева ауыр жарақат алғалы алғаш рет кезекті жазбасын бөліскен-ді. Аталған жазба төрт күн ішінде 109 мың лүпіл жинап рекорд орнатты. Желі қолданушылары бұрын-соңды Қазақстанда мұндайдың болмағанын жарыса жазып жатыр.

Продюсер ауруханадан шыққан күні “Бұлттан кейін күннің шығатыны анық! Мен мұны әрдайым білетінмін! Күннің бетін найзағаймен, бұлттармен жауып қоюға болады. Десе де шуақты күннің сәулесі ғана мұндай кедергілерге қарамастан жарқырайды!

Мен Сіздерге маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін, түсіністік танытқандарыңыз үшін, дұға-тілектеріңіз бен мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын! Менің өмірім, арманым мен үмітім тек жақсы сәттермен байланысты болмақ! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында әлі өмір сүріп, жобалар жасап, сүйгім келеді!” – деп кезекті жазбасымен бөліскен-ді.

Instagram әлеуметтік желісінде Баян Есентаеваның дәл қазір 1 млн 600 мың тіркелушісі бар.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Баян Есентаева ауыр жарақат алғалы алғаш рет кезекті жазбасын бөлісті

Баян Есентаева орнынан тұрып, жүре бастады

Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сен анасын ,сен турасын жазыласың қыздарыңа еге боласың бір АЛЛАМ қолдансын а умин!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар