Баян Есентаева ауыр жарақат алғалы алғаш рет кезекті жазбасын бөлісті

Жұма, 17 Маусым , 2016 23:55

Жан сақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаева өзіне қолдау білдерген жандарға алғыс айтты. Мұнымен қатар, әлі талай жобаның басын қайыратынын тілге тиек етті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап, ауруханаға түскен болатын. Ота жасалған продюсер 13 күннен бері өзінің инстаграм парақшасына жаңа сурет салмаған-ды. Ол бірер минут бұрын барша қазақстандыққа алғыс айтқан жазбасымен бөлісті.

“Бұлттан кейін күннің шығатыны анық! Мен мұны әрдайым білетінмін! Күннің бетін найзағаймен, бұлттармен жауып қоюға болады. Десе де шуақты күннің сәулесі ғана мұндай кедергілерге қарамастан жарқырайды!

Мен Сіздерге маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін, түсіністік танытқандарыңыз үшін, дұға-тілектеріңіз бен мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтамын! Менің өмірім, арманым мен үмітім тек жақсы сәттермен байланысты болмақ! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында әлі өмір сүріп, жобалар жасап, сүйгім келеді!” – дейді Баян Есентаева.

1

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары продюсерді сағынғандарын жеткізді. Оған денсаулық тілеп, әрдайым қолдау көрсететіндіктерін де айтты.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер ертең ауруханадан шығарылмақ.


Жіберіп алмаңыздар:

Баян Есентаева орнынан тұрып, жүре бастады

Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтып берді

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Алла жақсылығын аямасын өзіңнен.

  • Каба says:

    Гумырын узак болсын, казагыннын мактанышы бол.

  • Анонимно says:

    Осы жағдай сізге үлкен істерге жол ашуыңызға себеп болғай!! Тез жазылып шыққан соң, Қазақтың отбасылық тиран күйеулерінен зардап шегіп жүрген барлық әйелдері үшін депутат болып осы істі қолға алуыңызды тілейміз!

  • Анонимно says:

    Алла жар болсын!онерин орге жузсин

  • Жұмбақ жан says:

    Баян тэуір болганыны жаксы болды куаныштымын

  • Анонимно says:

    Баян, тәуір болғаныңызды оқып қуанып отырмын, тез сауығып кетіңіз!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар