Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева орнынан тұрып, жүре бастады

Танымал тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлер танымал науқастарының денсаулығына қатысты ақпарат берді.

01

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

Баян Есентаева дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер көп адам мазаламасын деген ниетпен оны палатаға ауыстырмай отыр екен.

“Қиын сәттер артта қалған сияқты. Жағдайы түзеліп, денсаулығы жақсарып келеді. Шамамен сенбі күні ауруханадан шығарсық деп отырмыз. Одан ерте мүмкін емес”, – дейді Талғар ауданындағы аурухана директорының орынбасары Ербол Сарсенбаев.

Дәрігерлер Баян Есентаева жағдайының өздері күткендей болып жатқанын айтады.

“Ол мықты әйел. Мұндай қайғымен, ауыр жарақатпен тек мықты әйел аған күресе алатыны анық. Ол тіпті бірде-бір шағым айтпады”, – дейді Ербол Сәрсенбаев.

Окулист мамандар да Баян Есентаеваның жағдайы жақсы екенін айтып жатыр.

Туысқандары тыйым салса да, Баян Есентаеваның өзі дәрігерлерге денсаулығы туралы айтуға рұқсат берген екен. Мұнымен қатар, дәрігерлер Есентаеваның ары қарай басқа ауруханада қаралатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны жолдасы пышақтап, ауруханаға түскен болатын. Үш жерінен пышақ жарақатын алып, мұрны сынған. Жедел Талғар ауруханасына жеткізіліп, 3 сағат бойы ота жасалған. Осыдан кейін басын компьютерлік томографияға түсірген. Мұнымен қатар, дәрігерлер әлі кем дегенде 10 күн жататынын айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Есентаеваның қайғысына “қуанғандар” өз ойларымен жұртты шошытты

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар

Талқылау