Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 14:37

Тележүргізуші Аша Матай өзінің инстаграмдағы парақшасында Баян Есентаева туралы сұрақ қойғандарға жауап берді. Ол желі қолданушыларының бұл әрекетін нағыз ақымақтыққа балады.

image

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күйеуінің Баян Есентаеваны пышақтағанын естіп жұрт дүрліккен-ді. Бұдан кейін продюсердің туыстарының әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі пікірлер жазылды. Арасында істің мән-жайын білгісі келіп сұрақ қойғандар болды. Желі қолданушыларының осы әрекеті Аша Матайды мезі етсе керек. Тележүргізуші қатты ашуланып, адамдардың бұл әрекетін өсекқұмарлық пен ақымақтыққа балады.

“Адамгершілік танытыңдаршы! Ойларыңа келгенді жаза бергенді де доғарыңдар! Бізге оңай болып жатқан жоқ, ал сендер болсаңдар ақылға сыймайтын сұрақтар қойып, жағымсыз пікірлер жазып жатырсыңдар. Ең танымал, мықты, ақылды әрі сұлу әйелсіз бір күн болсын өмір сүріп көріңдерші! Адамдар оны жіті бақылап, артынан өсек айтып, қызғаныштан жағымсыз дүниелер жазады. Мұндай қайғыны бастарыңнан өткеріп көріңдерші.

Мұнымен қатар, бүкіл жұрттың сіздің қайғыңызды өсек қылып жатқанын елестетіңіз! Мен мұны ешкімге де тілемеймін! Бірақ сендер мені өздеріңнің ақымақтықтарыңмен, өзімшілдіктеріңмен және өсекқұмарлықтарыңмен таң қалдырасыңдар! Тақырыпты жабыңдаршы! Алла барлығын көріп тұр, о дүниеде әрбір айтқан жағымсз сөзіңіз өзіңізге қарсы келеді. “Жақсы пікірлер ғана жазып жатырмыз ғой, мұндай жазбаның не керегі бар” деп жағымпазданудың қажеті жоқ.

Шынымды айтсам, көп нәрсе жазғым келеді! Адамдар! Мен жағымсыз пікір жазғандарды бірден бұғаттап, олардың пікірлерін өшіріп тастаймын. Жаман пікірлер туралы жазсам, олар бар деген сөз! Мен оларды ойдан шығарып жатқан жоқпын! Екіжүзділік танытуды доғарайықшы! Бұл инстаграмның агресивті “тұрғындарына” қатысты айтылып тұр! Әрине, шынайы ниет білдіріп, сауығып кетуін тілеген жандарға көп рахмет! Біздің отбасымызға тілегендеріңіз, өздеріңізге 100 есе қайтып оралсын!” – дейді Аша Матай.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары Аша Матайды қолдап, көпшілікті бұдан былай артық сұрақ қойып мазаламауға шақырды. Отбасындағы қайғылы оқиғаның қыздарының психикасын айтарлықтай әсер етіп жатқанын айтты.

Аша Матай Баян Есентаеваның туған әпкесі Бәтестің үлкен қызы.


Жіберіп алмаңыздар:

Сыныптастары Аша Матайға тосын сый жасады (фото)

Белгілі продюсер Аша Матайдың жүкті екенін айтты

Аша Матай сәнді киім жарнамасына түсті

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Шынымен де не ақыларыңыз бар! Ол- Өмір! Өмірде қуыныш мен қайғы қатар жүреді. Сондықтан да Баян Ханымды жайына қалдырыңыздаршы! Бұл семьялық жағдай, әр отбасында болуы мүмкін!
    Әлде, басқа талқылайтын мәселелеріңіз жоқ па?
    БАҚ өкілдерінде басқа материал жоқ па сіздерде түсіретін, жазатын?
    Қыдырса, жүріс жүрсе де сіздердің не ақыларыңыз бар? Өз алдарыңызда не күтіп тұрғанын кім білсін?
    Бірыншіден Баян ханымнын талай жасты өнер қатар қосқанына, қазақ киносына деген еңбегі көп сіңген. Соның бәрін бір күндік отбасы оқиғасымен неге жуып жаясыздар?
    Сондықтан да, өтінерім БАҚ өкілдерінен басқа тақырыпта жазыңыздар!

  • Жұмбақ жан says:

    Неге осындай кезде АЛЛАҺ-ТАҒАЛАНЫ еске алып қалады Аша-Машаларың жəне сол сияқтылар!!!.
    Оңай болып жатқан жоқ болса Оңай болғандағана айту керекпа еді.
    Қақшиған бастарыңа қайғы түскенде жандарың шыпылдап өздеріңді ақтап болмайсыңдар,Ауыздарыңа “АЛЛАҺ”-аласыңдар,шынымен мұсылман болып,əмір етілген бұйрықтарын орындап имани жолда жүрген адам құсап,мүмкін өздерің екіжүзді болып жүрмеңдер.Теледидар тағы сол сияқты қоғамдық желіларді өздеріңнің санасыз топастықтарыңмен ауыздарың жұқпайды,аш-жалаңаш ыңырсыған əндеріңмен төсекте домалап жатасыңдар еркек іздеген,махабаттан өртеніп жанып баражатқандай.
    Айтыңдаршы имани нелерің бар???.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар