Баян Есентаева алдағы аптада ауруханадан шығарылуы мүмкін

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 15:19

Дәрігерлер жан сақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаеваның беті бері қарай бастағанын айтты. Жуырда ауруханадан шығарылуы да мүмкін екен.

3

Фото: look.tm

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Продюсердің туыстары дәрігерлерге оның денсаулығы туралы журналистерге ақпарат бермеуді өтінген болатын. Бұл жолы продюсердің денсаулығына қатысты ақпаратпен Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы бөлісті.

“Баян Есентаеваны емдеуші дәрігерлер оның өзін жақсы сезініп жатқанын айтады. Продюсерді  палатаға көшіруге де болатын еді, дәрігерлер көп адам мазалайды деп жан сақтау бөлімінде қалдыруды жөн көріпті. Туысқандары Баян Есентаеваны алдағы сенбіде үйге алып кетуді сұраған екен, ал дәрігерлер әзірге бұл ұсыныстың дұрыс-бұрыстығын таразылап жатыр”, – дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақниет Балтанова.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Есентаеваның қайғысына “қуанғандар” өз ойларымен жұртты шошытты

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар