Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева әнді Жарқынай Ханайымнан жақсы орындаған адамға 100 мың теңге беруге уәде етті (видео)

Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева өзінің Инстаграмдағы парақшасында тағы да музыкалық конкурс жариялады. Бұл жолы ол Жарқынай Ханайымның әнін одан асырып орындаған адамға 100 мың теңге бермек.

92ad89c958d7386347fa2bae48e31239

Сурет: news.allinfo.kz 

«Жарқынайдан асырып айтатын конкурс жариялаймын. Осы әнді орындаған өз нұсқаларыңызды жолдаңыздар да, 100000 теңге сыйақы ұтып алыңыз! Оған қоса Жарқынай екеумізбен бірге кешкі ас ішуге мүмкіндік аласыздар. Конкурс нәтижесін 10 күннен кейін жариялаймын», – деп жазды Баян Есентаева әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бірер күн бұрын продюсердің Жарқынай Ханайымның бейнебаянын таныстырғанын,  Жарқынайдың әні көшірме болып шыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау