Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова мұрнына пластикалық ота жасатты

2016 жылы продюсер Баян Алагөзованың басынан өткен жағдай туралы барша қазақстандықтар біледі. Танымал продюсерді экс-күйеуі Бақытбек Есентаев соққыға жығып, пышақ жарақатын салған. Аталған оқиғадан кейін Баян Мақсатқызы біраз уақыт емделді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

баян алагөзова

Әлемнің мықты деген дәрігерлеріне барып, денсаулығын түзету үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Әйтсе де, жанкүйерлер Алагөзованың бет-әлпетінде әлі күнге дейін өзгешелік бар екенін байқайтын.
Продюсер өзгеріске ұшыраған мұрнын қалыпқа келтіру үшін арнайы Оңтүстік Кореяға барып, пластикалық ота жасатты.

Мақсатқызы бұрынғы мұрнын қалыпқа келтіргенін айтып, елден сүйінші сұрады. Айта кетейік, бұл сапарға Баян тұңғыш қызы Айсәулемен бірге барған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау