Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында 11 жасар қызға азғындық іс-әрекет жасаған тұрғын алты жылға сотталды

БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 11 жасар қызға азғындық іс-әрекеттерін жасаған Теректі ауданының 38 жасар тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады.

photo_7327

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар 7 жыл мерзімге педагогикалық қызмет атқару құқығынан да айырылды.

Аталған тұрғын өткен жылы 20 тамызға қараған түні мас күйінде өз үйінің бір бөлмесінде ұйықтап жатқан әйелінің досының 11 жасар қызына зорлық-зомбылық көрсетпесе де, азғындық іс-әрекеттерге барған. Бұл оқиғаны келесі күні қыз анасына айтып берген.

Анасының арызы қаралып, ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жеткілікті дәлелдемелер жиналғаннан кейін өткен жылғы қазан айында айыпталушы өз кінәсін мойындамаса да, қамауға алынған болатын.

Талқылау