Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Батылданып бай іздеген анау кім»: Торғайлық ақын жар іздеп, жаға жыртысқандарды өлеңмен сынады (видео)

Қыз баланың өзіне күйеу іздеуі халқымыздың әдет-ғұрпында жоқ нәрсе. Алайда мына заманда арулар жігіт үшін эфирге шығып, өзара «жаға жыртысудан» ұялмайтын болған. Бұл ретте ел алдына шығып, жігіт іздеп жүрген қыздарға торғайлық ақын Саят Әбеновтің айтары бар, деп жазады Stan.kz.

«Қалаулым» бағдарламасы жарыққа шыға салысымен-ақ жұрттың назарын аударды. Шыны керек, үйде отырған қыз-келіншектермен сөйлесе қалсаңыз, бәрінің аузында осы бағдарлама екенін байқайсыз. Бір топ көрермен алтындай үш сағатын сарп етіп, жас қыз-жігіттердің табысуы мен дау-дамайын тамашалаумен уақытты «өлтіреді».

Алайда аталған шоудың халқымыздың менталитеті мен болмысына жат екенін айтып жүрген ел ағалары да баршылық. Көгілдір экранға көз тігіп отырған көрермен де «базар» ордасына айналып кеткен шоудан жалыққандай. Бұл сөзімізге желідегі оқырмандардың сан мыңдаған пікірі дәлел бола алады.

Тіпті, ақындар да «Қалаулымға» арнап жыр жаза бастаған. Қоғамдық мәселелерге үн қатып жүрген торғайлық ақын Саят Әбенов «бай» іздеген қыздар мен «жар» іздеген жігіттерге деген ақылын өлеңмен жеткізді.

«Қайдан ғана шыға келді «Қалаулым»,

«Қалаулымды» ұят өзі қараудың.

Қызармастан қыз іздеген мынау кім,

Батылданып бай іздеген анау кім?

Айқай-шуы қызып жатыр ортаның,

Ол ортадан алсын кімдер мол тәлім?!

Осы күннің бет-бейнесі осындай,

Болашақта кім боламыз, қорқамын.

Арулардың күйдіруде ай-жүзін,

Өзге ұлттың қайтесіңдер ай-қызын?!

Бұрынғыға бір сәт көрші үңіліп,

Ел алдында ер іздеген қай қызың?!

Жұрттың бәрі қарап отыр таңдана

Қызық шығар, жар іздеген жарнама!» – дейді Әбенов.

Осыған сіздің пікіріңіз? #agugai #әгугай #агугай

Публикация от ӘГУГАЙ | AGUGAI (@agugai)

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева: Жұлдыз тұрмысқа шықпаса, бәрімізден мықты актриса болар еді (фото)

Төреғали ән кешінде жанкүйерін күзетшіден қорғап қалды (видео)

“Евровидение” байқауының жеңімпазы Димашпен бірге жұмыс істегісі келетінін айтты

Досхан Жолжақсыновтың жас келіншегі өзін «тоқал» деп сынағандарға жауап берді

Талқылау