Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Жамалиевтің VIP-камерасы туралы ақпараттан кейін іс қозғалғанын мәлімдеді

ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысындағы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан Қайрат Жамалиевтың ВИП камерада отырғандығы туралы БАҚ-та шыққан материалдарға қатысты пікір білдірді.

15824

Сурет: radiotochka.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Время” газетінде жарияланған “Пивка для Зека” мақаласындағы Жамалиевтің айрықша жағдайда ұсталуы жөніндегі уәждер бойынша Алматы облыстық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 31 тамызында оның жаза өтеу жағдайына ЛА-155/14 мекемесінде (жалпы режим, Заречный селосы Алматы облысы) тексеру жүргізілді. Тексеру жүргізу барысында Жамалиев карантин бөлімінде шаруашылық меңгерушісінің көмекшісі болып қызмет атқарып, жазасын өтеуде екені анықталды.

Жоғарыда аталған мақалада, сондай-ақ ағымдағы жылдың 31 тамызындағы “31” ТВ каналда  Гудаускастың берген сұхбатындағы Жамалиев колонияда артықшылықтар пайдаланатындығы, ұялы телефоны бар екендігі және т.б. деректері тергеу амалдарын жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты облыстық прокуратурамен 1 қыркүйегінде ҚҚ-тің 361-бабының 2-тармағымен Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларымен лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істің тергеуі тіркелді. Тергеу амалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның облыстық департаментіне тапсырылды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды”, – делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де ҚР Ішкі істер министрлігі Қайрат Жамалиевтың түрмеде ВИП камерада отырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Атыраудың “103” қызметі қойлардың жедел жәрдем көлігімен тасымалдануына қатысты түсінік берді

Алматы облысында 8 баламен далада қалған ана “алаяқ” болып шықты

Талдықорғанда 70 такси халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр

Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды

Талқылау