Бас прокуратура: Қазақстанда туберкулезбен ауыратын 70 адам емделуден қашып жүр

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 14:27

Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердің туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруы жайына тексеріс жүргізді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

неку

Сурет ҚазАқпарат

“Жалпы тексеру нәтижесінде, туберкулез ауыруына шалдығу күдігі бар адамдардың тексерілуі уақтылы жүргізілмеген, толық тексерілмеген және т.б. 1028 дерек анықталды. Көрсетілген факторлар сау адамдарға тікелей қауіп төндіреді», – деп түсіндірді ведомствода.

Бас прокуратураның мәліметше, тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды, олар статистика ақпаратын бұрмалау, профилактикалық іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көрсету, науқастарды мәжбүрлеп емдеу шараларын қамтамасыз етпеу және т.б.

Мысалға, Талғар ауданының (Алматы облысы) орталық емханасында тексеру күні 78 емделушінің флюорографиясы оң нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмегені анықталды.

Әулиекөл ауданының (Қостанай облысы) орталық емханасына туберкулезге тексеруі қажет ауру белгілерімен аз. “О” бес айы бойы бірнеше рет қаралуға келген (2015 жылғы 28 мамыр, 8 тамыз және 14 қазан).

“Соған қарамастан, дәрігерлер ауруға сақтықпен қарамаған, нәтижесінде 22 қазанда ол туберкулезге қарсы ауруханаға жатқызылып, 4 қүннен кейін туберкулез ауруының асқынуынан жан тапсырған. Аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүргізуде”, – делінген хабарламада.

Тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оңашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды. Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестірілуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заң бұзушылықты және оның себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайдылықты болдырмай, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда, деп атап өтті Бас прокуратура.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар