Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура: Қазақстанда 5 мың қауіпті қылмыскер мерзімінен бұрын босатылады

Қазақстанда ауыр қылмыс бойынша сотталған 5 мың қылмыскердің жаза мерзімі 5 жылға қысқарады.

Бас прокуратур Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, заң жобасы қылмыстық саясатты жеңілдету мақсатында әзірленді. Заңға елбасы қол қойған, деп хабарлайды Sputnik.

«Қылмыс жасаған 260 құрамның бас бостандығынан айыру мерзімі, 36 құрамның айыппұлын жеңілдету жөнінде қоғамдық жұмыс жүруде. Жалпы 5 мың қылмыскер босатылмақ», – дейді бас прокурор.

Қазақстанда ауыр қылмыс санатына қыз зорлау, ұрлық, тонау, адамның денсаулығына әдейілеп зиян келтіру ісі жатады.

Заң бойынша ауыр қылмыс үшін ең ауыр жаза 12 жыл бас бостандығынан айыру.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау