Бас мүфти қарт әжейге тосынсый жасады (фото)

Сенбі, 1 Қазан , 2016 12:15

Бүгін Астана қаласында тұратын Кәдімқызы Орынбасар апамыз үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Қала шетіндегі жалдап тұрып жатқан қуықтай бөлмесіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы келеді деп кейуана мүлдем ойламаса керек.

ymyym-620x345

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Ара-тұра хал-жағдайын сұрап, көмектесіп кетіп тұратын “Әзірет Сұлтан” мешітінің қызметкерлерімен бірге жаңбырлы күні үйіне кіріп келген дінбасын көргенінде, тіптен, абдырап қалды. Көзінде жалт ете қалған қуаныш ұшқынымен бірге, таңданыс табы да жоқ емес.

e92ff695257ba8b9e7b404941522ec1e

0b930eb0d2d6a82c7464abb0b3141edd

Алайда, қуаныштың көкесі әлі алда еді. Қарт әжейге құрметін көрсетіп, қонақ болып келіп қалған Бас мүфтидің қарияға арнаған тосынсыйы тағы бар екен. Алдымызда келе жатқан 1-қазан “Қарттар күніне” орай Кәдімқызы Орынбасар апамызды мерекемен құттықтап өткен Бас мүфти “Қажылық сертификатын” табыстаған сәтте апамыз шыдамастан екі көзіне ерік берді.

75b7e72a79b1e22b89fe09da666e08e1

944f300b9a1d18b19df1517bada348df

Осыдан бірнеше ай бұрын отандық телеарналардың бірінде бағдарлама қонағы болған апамыз өзінің асыл арманы – қажылық сапары жайлы айтып, тұрмыс тауқыметі тұралатқан мына заманда сол арманым орындалмай кететін шығар деп күрсінген еді.

e4856ccd4dd70f4ad14f346cb908f7d4

Ойламаған жерден олжалы болып, көңілі шарықтаған қарт әжей келген қонақтарға ақ тілегін жаудырып, көңілдерін босатты.

4dc33f136e9f5a3d918495b32db49366

6f1012feef5696e990e94b916da5779d

ymmyymmmyymym

Бұдан бөлек, Орынбасар апамызға “Әзірет Сұлтан” мешіті атынан 100 000 теңге көлемінде қаржылай көмек пен азық-түлік қоры тарту етілді. Естеріңізде болса, қасиетті Құрбан мерекесінде “Әзірет Сұлтан” мешітінің әйел ұстаздары бастаған ақжаулықты жамағаты “Қайырымдылық жәрмеңкесін” ұйымдастырып, түскен қаржы түгелдей мейірімге мұқтаж жандарға жұмсалатыны туралы айтылған еді.

Оқи отырыңыз:

10 ақтөбелікті діни көзқарасы үшін әскер қатарына алмай қойды

Қазақстанда жасөспірім баласы әлеуметтік желіге тіркелген ата-ана айыппұл төлейді

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Ары мазалаған қазақстандық азамат Аружан Саинға ерекше өтінішпен келді

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар