Қазақстанда жасөспірім баласы әлеуметтік желіге тіркелген ата-ана айыппұл төлейді

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 18:36

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге кіруге шектеу қоятын заң әзірленіп жатыр. Заң жобасына жауапты Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тек қана техникалық проблемаларды шешіп қана қоймай, баласы әлеуметтік желіге тіркелген ата-аналарға да айыппұл салуды ұсынуда.

122

Фото: www.msktambov.ru 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бұл норманы қоғам қайраткері Аружан Саин да қолдап отыр. «Ата-ана өз баласына жауап бермейінше біз бұл проблеманы еш уақытта жеңе алмаймыз. Егер әлеуметтік желілер әкімшілері балалардың тіркелуіне бақылау жасай алмайтын болса, онда ҮЕҰ-лер мен мектептерге және инспекторларға бақылау жасау мүмкіндігін берген жөн», – деді ол аталған тақырыпқа арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның пайымынша, ойын-сауық құратын орындардың ұйымдастырылмауы себепті балалар бірнеше сағат әлеуметтік желіде отырады.

«Біздің мәдениет және спорт, білім және ғылым министрліктері мен жергілікті атқарушы органдарға шағымымыз көп. Біздің бюджетіміз балалармен, жасөспірімдермен нақты жұмыстарға емес,  қандай да бір қалалық мерекелік шараларға жұмсалып жатқан кезде біз балаларды әлеуметтік желіден шығара алмаймыз. Тіпті, келешегі жоқ, бәсекеге қабілетсіз, қолынан іс келмейтін жастар пайда болады», – деді ол.

Дегенмен, ата-анаға айыппұл салу нормасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров қарсы шықты.

«Барлығын айыппұлға әкеп тірей беруге болмайды. Біраз уақыттан кейін біздің азаматтарымыз тас жолға шыққаны үшін де айыппұл төлейтін болады. Барлығын бірдей айыппұлмен шектеу жеткілікті. Одан да адамдарды тәрбиелейік. Тарихқа қатысты өте жақсы кітаптардың ең арзаны үш мың теңге тұрады. Ата-ананың өз баласын бір іспен айналыстыруы үшін кітап сатып алуға ақшасы жоқ па? Онда балалар үшін әдебиеттерді, сонымен қатар бокс, футбол, хоккейден басқа да спорт секцияларын қолжетімді етіп жасайық. Сонда бала әлеуметтік желіден ажырайды», – деді депутат.

Ал  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметова өз кезегінде заң жобасында көзделіп отырған өзге де нормаларға тоқталды.

«Біз мектеп әкімшілігін wi-fi-ды қоса алғанда қолжетімді интернетпен қамтамасыз етуді міндеттеуді жоспарлаудамыз. Онда құқыққа қайшы келетін контенттер бұғатталатын болады. Бұл арнайы бағдарламалардың, сонымен бірге байланыс операторлармен келісім негізінде жасалуы мүмкін. Мұнан бөлек, байланыс операторлары ақылға қонымды төлемге балалар интернетін қарастыруын енгізу көзделуде. Яғни, мен ата-ана ретінде ұялы телефон сатып алып, арнайы балаларға қолжетімді, заңға қайшы келетін сайттар бұғатталған бағдарлама орнатамын», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Ары мазалаған қазақстандық азамат Аружан Саинға ерекше өтінішпен келді

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Алмашова. Калдыгул. says:

    Дурыс айтасыз Абсатиров мырза сиздин айткан созинизге ана менде косылам. Спорт секцияларын кол жетимди турде жасаса балаларымыз миндетти турде алеуметтик желиден ажырайды.озим толык емес отбасымын еки ул тарбиелеп отырмын екеуиде студент. Сабактан тыс уакыттарында спортпен шугылдангылары келеди бирак оган биздин калтамыз котермейди. Сондыктан жогарыда отырган кокелерге айтарым осы спрот секцияларын кол жетимди турде жасаса деймин.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар