Бас ауруынан қалай құтылуға болады

Stan.kz ақпараттық агенттігі бас ауруы, бас сақинасы секілді аурулардың алдын-алу жолдарын ұсынады.

Бас ауруы. Ұстаманы тоқтату және бас сақинасының дамуының алдын-алу жолдары

Бас ауыруы – айтарлықтай зиянсыз құбылыс. Алайда бас ауыруы неғұрлым елеулі себептерге байланысты болуы мүмкін.

Ондаған түрлі аурулар мен жағдайлар бас ауруын тудыруы мүмкін. Алайда, біз жиі бұлшық еттер немесе эмоционалды жүктемелерге байланысты туындаған шиеленісті болған шиеленісті бас ауруын бастан өткереміз.

Мұндай бас ауыруын көп жағдайда «қалыпты» немесе «қарапайым» деп атайды. Шиеленісті бас ауруы самайдың аздап ауырсынуынан немесе керісінше, желкеден жоғары көтеріліп басталуы мүмкін. Бұның артынан сыздатып, мазасыздандыратын созылмалы ауру басталады. Содан кейін ол күшейеді немесе басты қатты қысады.

Әдетте, солқылдатпайтын тұрақты ауырсыну орташа жағдайдағы ауырсыну болып табылады. Бұған шыдау қиын, бірақ адам төзгісіз деп айтуға келмейді.

Алғашқы көмек

Күйзелістен кейін немесе жоғары физикалық белсенділіктен кейін пайда болған бас ауруын жеңу үшін бірнеше қарапайым әдістерді қолдануға болады.

1. Бөлмені жақсылап желдетіңіз немесе егер уақытыңыз жеткілікті болып, ауа-райы қолайлы болса таза ауада серуендеп қайтыңыз.

2. Көзді жұмып, жатып демалыңыз. Кейде ауырсынуды жеңу үшін 15 минут тыныштықта және қараңғыда демалу жеткілікті.

3. Суық компресс жасаңыз: суық су тұрған ыдысқа жалбыз немесе лаванда эфир майын қосып, онымен кішкене сүлгіні сулап, самай мен маңдайыңызға қойыңыз.

Егер ауырсыну кетпесе және қалыпты жұмыс істеуге кедергі келтірсе, ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауға болады.

Маңыздысы

Бас ауыруы – айтарлықтай зиянсыз құбылыс. Алайда бас ауыруы неғұрлым елеулі себептерге байланысты болуы мүмкін.

Ол көп жағдайда гипертониялық аурулардың, күретамыр гипотониясы, бүйрек және эндокринді патологияның, жоғарғы тыныс жолдары ауруларының, көздің, депрессияның көрінісі болып жатады. Бастың жиі ауруы мойын омыртқаның бұзылуымен біріктіріледі.

Бірақ, бас ауыруына мән бермеуге болмайды. Егер басыңыз үнемі ауыратын болса, дәрігерге қаралып, тексерілу қажет.

Естеріңізде болсын, бас ауруы кезінде:

1. Алкоголь ішуге болмайды. Оның босаңсытатын әсері сіз ойлағандай көмектеспейді. Ол қан тамырын кеңейтеді және алғашында ауруды басады. Бірақ содан кейін ауру қайтадан пайда болып, екі есе күшейеді.

2. Бас ауруы кезінде шылым шегуге болмайды. Себебі, никотин қан тамырларын бірден тарылтып жібереді. Ал, соның салдарынан ауырсыну одан да күшті болады.

3. Басқа мұз қоюға болмайды. Бас ауруы және оның әсері әртүрлі болғанымен, адам әрқашан оның себебін дұрыс түсіне бермейді.

Егер шиеленісті бас ауыруы кезінде суықпен емдеу зиян келтірмесе, бірақ күретамырлық қысымның көтерілуінің салдарынан болатын ауырсыну кезінде жағдайды нашарлатуы мүмкін.

4. Анальгетикалық таблетканың біреуі көмектеспесе, екіншісін қабылдауға болмайды. Бас жиі ауыратын болса, елеулі аурудың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда дәрігерге жүгіну керек.

Бас ауруының пайда болу қаупін төмендету үшін:

1. Компьютерде жұмыс істеген кезде көзіңізді демалдырып, жарты сағат сайын үзіліс жасаңыз. Сағат сайын 5-10 минутыңызды физикалық жаттығуларға бөліңіз. Мысалы, орындықта отырып  арқаны жазып, түзуленіңіз де, арқаның бұлшықетін ширатып, осы күйде 5 секунд тұрыңыз. Бұл жаттығуды 5-6 рет қайталаңыз.

2. Таза ауада жиі серуендеу керек. Күніне кем дегенде жарты сағат сайын жаяу серуендеңіз.

3. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұрыңыз.

4. Бекон, шұжық және басқа да шұжық өнімдері және ірімшік, йогурт, тауық бауыры, қызыл шарап және жаңғаққа әуес болмаңыз. Себебі, бұл өнімдердің құрамында бұл бас ауруын тудыратын заттар бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар