Барлық жерде Сәке-Бәкелер: Ақтөбелік зейнеткерлер мен мүгедектер биліктегілерді жемқор деп айыптады

Зейнеткерлер мен мүгедектер үкіметті сыбайлас жемқорлықпен айналысады деп айыптап отыр. Олар қазақтың Сәке-Бәкесі бітпейтініп айтып шағымданды. Қала әкімі Ілияс Ыспановтың есеп беру отырысында наразылық білдірушілер әкімдік қызметкерлерін қарсы дау шығарды.

Бұл туралы aktobetimes.kz. хабарлады деп, жазады Stan.kz.

Драма театрында өткен қала басшысының кездесуі «жұмыс үшін әкімдерге рахмет!» ұранымен өтті. Мәселе мынада, бағынышты адамдар жұмыс істемей отыр. Кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихаттардың хатшылары қатысты.

Өтініш білдіргендер көп болды. Халық микрофонға таласып, көпшілігі медицина мен әлеуметтік салаға қатысты шағымданды.

«Президент мүгедектерге қолдау көрсету керектігін айтты. Бірақ біз ешқандай қолдау көрмедік! Сонда біздік шенеуніктер жұмыс істемей отыр. Мен олардың жалақыларын 50 пайызға қысқартуды және сол қаражатты медицина саласына аударуды сұраймын. Біздің дәрігерлер екі сағат қана жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде олар не істеп үлгереді деп ойлайсыз Сапарбаев мырза» – деді екінші топтағы мүгедек Сәлімгерей Сәтиев.

Мүгедек дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне, жолдардың нашар жағдайда тұрғанына, әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген бюджет қаржысын жымқырғандарға шағым түсірді.

Ал зейнеткер Алдабергенов жемқорлықтың күннен-күнге артып бара жатқанына наразылық білдірді.

«Менде жазғы дача болды. Олар бұл жерді дайын үйімен берген. Біз онда бақшамен айналыстық. Кейін құжаттар дұрыс емес екенін айтып, жерімізді тартып алды. Нәтижесінде бізге жаңа жер телімін берді. Бірақ бұл жер шаруа қожалығымен айналысуға жарамайды. Көмек сұрап қайда барсам да барлық жерде «жемқор» шенеуніктер отыр. Баяғы сол «Сәке-Бәкелер». Полицияға барып шағымдануды да ойладым. Бірақ, одан пайда көрмеймін. Түбінде олар өзіңді ақымақ санап қояды! Біздің жерімізді қайда жіберді? Сіздер қарттардың үйін тартып алатындай соншалықты қайыршысыздар ма?»- деді зейнеткер шенеуніктерге.

Айта кетейік, әкімдер кездесу барысында түскен шағымдар бойынша жұмыс  жасауға уәде берді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеден табылған зергер өзінің қалай жоғалып кеткенін білмейтін болып шықты

Адасқан жігіттің тағдыры туралы айтқан теолог салафи ағымына талдау жасап берді

Жетім жігіт өзін тастап кеткен анасына арнап кеш өткізді

Астаналық бойжеткен әйгілі америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар