Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрібір әдемісің: Сақалы мен шашы өсіп кеткен Тәуекел жұртты тамсандырды

Танымал актер Тәуекел Мүсілім желіде шашы мен сақалы өсіп кеткен суретін жариялады. Өз кезегінде желі қолданушылары оған кез-келген образдың жарасатынын айтып, тамсанды, деп жазады Stan.kz.

Тәуекел Мүсілім

Актер Instagram-парақшасында түсірілім алаңынан сурет жариялады. Онда Тәуекелдің тарихи образды сомадағаны байқалады. Қазақ киімін киген актер ұзын шаш пен сақал жалғап алған.

Ал Тәуекелдің желідегі оқырмандары оған кез-келген образдың жарасатынын айтуда.

«Сізге әдемі жарасады екен», «Керемет образ», «Таза актер», «Бәрі-бір әдемісің. Саған бәрі жарасады ғой», «Сізге мұндай образ жарасады екен. Фильмдерде «әдемі» жігіттің рөлін сомдағаныңыз жетеді. Енді тарихи, күрделі рөлдерді сомдаңыз», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау