Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK-ның бұрынғы басқарушысы тұтқындалды

Bank RBK-ның бұрынғы басқарушы директоры Асылбек Игильман қамауға алынды.

Bank RBK-ның бұрынғы басқарушысы тұтқындалды

Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«2018 жылы 25 қазанда сот санкциясыен бас прокуратура Bank RBK АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры Асылбек Игильманды тұтқындады. Ол прокуратура Bank RBK АҚ-ның директорлар кеңесінің бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевпен келісіп алып, 850 миллион теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеу арқылы банк қаражатын жымқырды деп күдіктелуде», – делінеді ҚР бас прокуратурасының хабарламасында.

Бас прокуратурадағылардың мәліметінше, Асылбек Игильман аталған соманы 2013 жылы иемденіп, кепіл ретінде депозиттік есепшотындағы 15 мың теңгені қойған.

«Жымқырылған қаражаты топ-менеджмент пен банк жұмысшылары арасында бонустар түрінде таратылған. Игильман өз үлесіне Алматының қымбат ауданында кұны 288 миллион теңге болатын үй салып алған. Қазіргі уақытта үйді пайдалануға тыйым салынды», – делінеді хабарламада.

Сонымен қатар бұған дейін бас прокуратура банктің 4 топ-менеджері Данияр Туғанбай, Данияр Едігенев, Руслан Батырбаев пен Бақыт Ибрагимді ұстағаны хабарланды.

«Олардың бәрі өз кінәсін мойындады және шығынды қалпына келтіруге ықпалдасуда», – дейді бас прокуратурадағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау