Бананның пайдалы қасиеттері

Дүйсенбі, 4 Қаңтар , 2016 11:12

Банан сөзін латын тілінен аударғанда «musa sapientum» – ақылды адамның жемісі деген мағынаны білдіреді

images (4)

Көпшілік бананды жемістер қатарына жатқызады. Алайда, ол – жидек. Ең үлкен банан ағашының биіктігі, орташа есеппен, 10 метр, ал диаметрі – 50 сантиметрге жетеді.

Оның бір сабағында 300 бананға дейін болады. Бұл, шамамен,  500 келіге дейін тартады.

Сары бананмен қатар қызыл түстісі де кең тараған. Алайда мұндай түрі жұмсақ болғандықтан, тасымалдауға жарамайды.

Сейшель аралдарының бірі Маода сары, қызыл және қара банан өседі. Бұл жергілікті тұрғындары үшін  теңіз өнімдерімен бірге берілетін таптырмайтын гарнир болып есептеледі.

Көңіл күйді реттейтін В6 дәрумені басқа жемістерге қарағанда бананда көп болады.

Қызығы – банан диетасы да бар. Алайда оның нәрлілігі картопқа қарағанда бір жарым есеге көп. Егер бананды кептірсе, калориясы 5 есеге дейін өседі.

Сондай-ақ, оның құрамында калий болады. Ол адамның қалыпты қысымда жүруі үшін өте қажет. Сонымен қатар, калий жүрек бұлшық етін қатайтады.

Банан құрамындағы сахароза, фруктоза және глюкоза арқасында ол асқазанда тез әрі жеңіл қорытылып, бойға күш-қуат сыйлайды.

Ертеде банан жемісін «Ертегі әлемінің жемісі» деп атаған екен. Себебі, дәм татсаң, қарның тояды әрі денсаулыққа пайдалы. Сондай-ақ, шайқас-ұрыстарда жараланған сарбаздар банан қабығын басып, жара-тыртықтарын емдеген. Ескіде Италияда әнші-әртістер тамақтары ауырмас үшін анан қабығын қайнатып, ішкен екен. Үндістанда банан қасиетті тағамдардың бірі болып есептеліп, құтты қонақтардың алдына әкелінген. Еуропа елдерінің мектептерінде оқушыларға таңертеңгі және түскі ас кезінде банан береді. Себебі, банан баланың ойлау қабілетіне жақсы әсер етеді. Кубада бананды етпен бірге пісіреді. Ал Венесуэлода бананды қуырып, күрішпен бірге араластырады.

Банан Үндістан, Эквадор және т.б. әлемнің бірқатар оңтүстік елдерінде өседі. Бұл жемістің бірнеше сорттары бар.Біздің елде кең тарағандары – Кавендиш, Гро Мишель, Лакатан. Бұл сорттар ағаштан піспеген, жасыл күйінде теріліп,  бірден қораптарға жинастырылдады. Жеміс ұзақ жол барысында өзі пісіп жетіледі.

Табиғи үш қанттан бөлек банан құрамында алма қышқылы, ферменттер, минералды заттар, фосфор, магний, калий, кальций, натрий, А,В,С,РР,Е дәрумендері бар. Банан диеталық тағам болып есептеледі. Жүйке жүйесі, анемия, жүрек қан тамырлары, бауыр, бүйрек, өт ауруларының алдын алып, артық салмақтан арылуға жол береді.

Банан ағзадағы қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Аяқ-қолдың мезгілсіз тартылуын, шаш түсімін, теріге ерте әжім түспеуін қадағалайды. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады, өт, бауыр, асқазан жолдарын тазартады. Күйзеліс, көңілсіздік, стресс кезінде көмекке келеді. Көңіл-күй гормонының пайда болуына септігін тигізеді.

Бананды көп мөлшерде аяғы ауыр және жас сәбиі бар келіншектер, қарт кісілер, кішкентай бөбектер пайдаланғаны жөн. Сондай-ақ, кез келген жанның күнделікті ас мәзірінде бір-екі тал банан болғаны абзал. Банан операциядан кейін, ауыр физикалық жаттығулардан кейін өте пайдалы. Ол ағзаны қалыпқа келтіруге мол үлесін қосады. Сонымен қатар, бананды шаршаған я ашуланған кезде, емтихан-сынақ алдында пайдаланған дұрыс.

Банан таңдаған кезде оның сыртқы қабығы мен сабағына мән беріңіз. Сыртқы қабықта қара дақтар әрі өзі қатты болмауы керек. Оның түсі бір қалыпты, үсті жылтырлауы керек.

Бананның қабығы да кәдеге жарайды. Төменде берілген мысалдар бұл сөзімізге дәлел бола алады.

Күмісті тазалайды. Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

Аяқ киімге арналған жақпа май. Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз.
CD немесе DVD дисктердің сырылған жерлерін қалпына келтіреді.

Сырылған дискті ең әуелі, бананның өзімен сүртеміз, артынан 2 минут бойы бананның қабығымен сүртеміз. Сосын, дискті терезе тазалауға арналған затқа малынған жұмсақ матамен сүртіп, кептіріп қоямыз. Бананның жұмсағы мен қабығындағы балауыз дискті тазалауға көмектеседі.

Тісті ағартады. Кәдімгі тіс пастасымен тісіңізді тазалап болғаннан кейін, тістеріңіздің үстін банан қабығының ішкі бөлігімен екі минуттай сүртіңіз. Қабықтағы калий, кальций, магний, марганец және фосфор сынды минералдар тіске пайдалы әрі оны ағартуға септігін тигізеді. Артынан бананның қалдықтарын кетіру үшін тісіңізді тағы бір рет жуып, тісіңізді ағарту үшін осылай күніне 1-2 реттен қайталап тұрыңыз.

Тікенді шығарады. Егер денеңізге тікен кіріп кетіп, оны ала алмайтындай жағдай болса, тікен кірген жерге бананың қабығын ішкі бетімен қойып, 24 сағатқа танып қойыңыз. Банан қабығындағы ферменттер тікенді терінің сыртына шығарып, жараның тезірек жазылуына септігін тигізеді.

Жараны жазады. Бананның қабығының құрамындағы түрлі табиға майлар мен ферменттер күннен күюден, жараны тез жазатын қасиетке ие. Сонымен қатар, ол қабыну мен түрлі жәндіктердің шағуынан пайда болатын тітіркенуді де басады. Ол үшін бананның қабығын ішкі жағымен жараға немесе шағылған жерге қойып таңып тастаймыз немесе ысқылаймыз. Күніне бірнеше рет осылай істесеңіз, жара тез жазылып кетеді.

Сүйелді кетіреді. Бананның қабығы халық емінде сүйелді кетіру үшін қолданылады. Ол үшін бананның қабығын іш жағымен сүйелдің үстіне қойып бір күнге байлап қоямыз. Сүйел жоқ болып кеткенше осылай істеп жүру керек. Кейбір сүйелдер бір аптада кетсе, кейбіреулерінің кетуі үшін бір айдай уақыт қажет.

Псориаз бен безеуді кетіреді. Псориаз бен безеуді кетіру үшін бананның қабығын ішкі қабатымен қабынған жерлерді сүртсеңіз, бірнеше күннен кейін өзгерістерді байқай бастайсыз.

Теріге пайдалы. Банан қабығы минералдар мен антиоксиданттарға бай. Егер күнделікті онымен бетіңізді, мойныңызды сүртіп тұрсаңыз, теріңіз ылғалданып, әжімнің түсуі азаяды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар