Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлағы құрттап кеткен бүлдіршіннің жағдайы қазақстандық дәрігерлердің өзін шошытты (видео)

Сарапшы маман желіде тараған видеоға қатысты пікірін айтты. Видеода баланың құрттап кеткен құлағын  дәрігер тазалап жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

photo_220367

Мынадай жағдады өз тәжірибесінде алғаш көрген дәрігер баланың шыдамына таң қалғанын жасырмайды. Видеоны түсіріп тұрған әйел бұлдіршіннің туысы болуы мүмкін.

Ол Баланың әкесі басқа қалада жұмысқа кеткенін, шешесінің де жұмыс істеп ақша табу мақсатында алыста екенін баяндап тұр. Құлағы құрттаған балаға әжесі қарап жүрген көрінеді. Ол бала қанша мазасызданса да оны дәрігерге көрсетуге қарсы болған екен.

“Кеше жылап кеткеннен кейін шыдамадым. Енеме айтып, алып келіп отырғаным осы. Әкесі уайымдамасын деп айтпадық. Анасы да алыста”,- дейді болған жағдайды видеоға түсіріп отырған келіншек.

Ал дәрігер болса құлағы құрттап кеткенше жүрген баланың шыдамына қайран қалды.

“Видеоға түсіріп алыңыз, анасы көрсін. Мына құрт миына өтіп кетсе қолдан өлтіріп аласыздар. Қандай ана өз баласын мынандай жағдайға жеткізген. Мына құрт қазірдің өзінде құлақтың пердесіне жетіп қалған сияқты”,-деп ашулана сөйлеп тұр дәрігер.

Видео құлақты тазалап біткенге дейін ұзақ түсірілмеген. Дәрігер қолмен алып отырған құрттың саны отызға жақындады.

Ғылыми зерттеу институтының мамандарының айтуынша, баланың құлағынан алып жатқан құрт етке түсетін шыбынның дернәсілі.

Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институтының  дәрігері, профессор Аида Абдыбекованың айтуынша, етке түсетін шыбындар жаз айларында қаптап шығады. Мұндай шыбындардың аналығы ұсақ құрттарды таратады.

«Қоқыстың бетін жауып ұстау керек. Асүйді жиі жуып тұрыңыздар. Мұндай шыбындар өлтіруге арналған арнайы қағаздар, химиялық қоспалар бар. Сондай заттарды пайдалану керек», – дейді  дәрігері.

Ескерту! Видеода жағымсыз әрекеттер түсірілген!

Оқи отырыңыз:

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

Марқұмның әпкесі: Оқушы інімді ұрып бақилық қылған баланың әкесі түрме бастығы болып шықты

Қажылыққа анасын арқалап барған жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)

Көмек көрсетуге уәде берген әншінің директоры Алтын алқа иегерін ұрысып тастады

Талқылау