Қажылыққа анасын арқалап барған жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

Дүйсенбі, 10 Шілде , 2017 13:11

“Жігіттер” тобының әншісі Ердос Қанаев анасын арқалап жүріп қажылық парызын орындаған мұсылман азаматты көрсетті.

sudanese-model-queen-of-the-dark-nyakim-gatwech-29-5959ef1bd5637__700

Қасиетті Рамазан айында қажылық парызын өтеген Ердос Қанаев анасын арқалап жүрген азаматты көріп сүйсінді. Оның әрекетін өзгеге үлгі болуы үшін видеоға түсіріп жариялады.

“Мына азамат анасын арқалап парызын орындап жүр. Бізге де осындай ұрпақтар нәсіп етсін. Машалла. Алла ұлық”, – деп бірнеше рет қайталады әнші.

Желі қолданушылары анасын арқалаған мұсылманға ыстық ықыласын білдіріп, алғысын айтуда.

“Қажылық қабыл болсын!!! Адал перзент, анасының ақ сүтін ақтау үшін жасалған ниеті қабыл болсын!”, – деп жазады желі қолданушысы.

Ислам дінінің 5 парызының бірі мұсылмандар үшін қажылыққа бару. Хадистерде қажылығын өтеген адамның барлық күнәсі кешірілетіні айтылған.

Дінімізде ананы қадірлеуге үйретеді. “Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтылмайсың” дей отырып ананың рөлі зор екенін айқындап айтқан.

Тағы да оқыңыз:

Мәскеуде анасын арқалаған жігіт әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Қажылығын өтеп жүрген келіншектің толғағы басталып Меккеде сәбиін өмірге әкелді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар