Марқұмның әпкесі: Оқушы інімді ұрып бақилық қылған баланың әкесі түрме бастығы болып шықты

Дүйсенбі, 10 Шілде , 2017 15:24

Тараз қаласында қадір түні қаза болған 17 жасар Шекербек Саят Саматұлының туыстары қыршынынан қиылған бала өз-өзіне қол салды деген полиция анықтамасына сенбей отыр.

оқу2

Марқұм мектеп оқушысының әпкесі Stan.kz сайтына қайғылы жағдайдың қасақана жасалғанын айтып хабарласты.

Оныншы сынып оқушысының туған әпкесі Саяттың соңғы рет үйден шығып, достарымен мешітке барғанын айтады.

«Саят 21 маусым күні түнгі сағат 12 шамасында Қадір түнін қарсы алуға мешітке кеткен болатын. Біз де қарсы болмадық. Себебі, жанында бір-екі досы бар екен. Бір білетінім, біреуінің есімі Әділет. Ол баланы бұрыннан танимыз.

Сондықтан, үйде ешкім оның досымен мешітке баруына қарсы болмады. Ұйықтап тұрсақ, таң атып кетіпті. Біз Саятты «мешітте қонып қалған шығар» деген болжам жасадық. Әдеттегідей әркім өз жұмысымен жан-жаққа кетті. Айту керек, түске қарай анамыз ауырып қалды. үйде ешкім жоқ болғандықтан біз Саятты іздей бастадық»,-дейді марқұмның туған әпкесі.

Іздеуден ешқандай нәтиже болмаған. Тек бір күннен кейін Шекербековтер отбасына қаралы хабар келеді.

оқу1

«Бізге телефон арқылы «Саят жөндеуі бітпеген көпқабатты үйден секіріп кетті» деді. Алайда, мен інімнің өмірге деген құлшынысы зор жігіт екенін анық білетінмін. Бірден сенбедім. Достарына хабарласып, жағдайдың мән- жайын сұрағанымда, барлығы бір ауыздан, сол түні Саяттың 11-сынып оқушыларымен ерегесіп қалғанын айтты.

Қадір түнінде інімді Наурыз және Айбасаттар деген екі жігіт «сөйлесейік» деп көпқабатты үйлер жаққа ертіп кетіпті. Міне, содан бері Саятты ешкім көрмеген»,-дейді Саяттың әпкесі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Саяттың суицитке барғанын алға тартқан. Оқушының әпкесі полицияның бұл қорытындысына сенбейді.

«Інімді мәйітханадан алып келгенде оның денесінен түрлі жарақаттарды байқадық. Көзі көгерген, екі қолында арматураның іздері қалған. Алдыңғы екі қабырғасы сынған. Осыдан-ақ бауырымның соққыға тап болғанын білуге болады»,-дейді қыз.

Жастай бақилық болған ұлының өлі денесін көрген Саяттың анасы да полицейлердің сөзіне сенбеген. Жүрегі езілген ананың прокуратура есігін қағып жүргеніне бір айдан асты. Алайда, еш нәтижесіз.

оқу3

«Анамыз полицияға барып бірнеше мәрте арыз жазды. Бірақ жауап жоқ. Олар бізді адам санамайтын сияқты. Тіпті, Саяттың ісімен айналысып жатқан Кибар Ескендіров есімді тергеушіге қоңырау шалсақ «Мазамды алмаңдар» деп телефон тұтқасын тастай салды.

Кейіннен Саяттың қасында болған балалардың біреуі қалалық түрме бастығының ұлы екенін білдік. Міне, полицияның қозғалмай отырғаны осыдан деп ойлаймыз»,-дейді марқұм Саяттың әпкесі.

Материалды жарияламас бұрын редакция атынан Тараз қалалық полиция тергеушісі Кибар Ескендіровке хабарласып көрдік. Оның айтуынша, сараптама қорытындысы әлі шықпаған.

Ал тергеу әлі жалғасып жатыр екен. Құқықтық орган қызметкері сөз соңында тек Саяттың анасының «есірігі ұстап қалған» деп қана жауап берді.

Қайғыдан қан жұтқан Саят Саматұлының отбасы әділдік іздеп өздеріне қоғам тарапынан қолдау болса екен дейді. Белсенділер көмек қолын созса, істің әділ қаралуына бір септігі тиеді деген сенімдері бар.

Оқи отырыңыз:

Мұсылмандарға арналған тариф іске қосылады

Зообақтағы қасқыр 3 жасар баланы талап тастады

Қажылыққа анасын арқалап барған жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жанымау менин

  • Anonymous says:

    Бириншиден артырсжан кайырлы болсын! Жаткан жери жайлы болсын! Егер сол турме бастыгынын баласы олтирип, баласынын кылмысын жасырып отырган болса. Арине колында билик турган да баласын соттатпайды гой. Бирак кан жибермейди так что биреудин канын мойнына жуктеп мойындамаган ауыр ис.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар