Баланы эскалатор қысып қалды: Астана әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Астанадағы орталық базарда екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Баланы эскалатор қысып қалды: Астана әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Желіде 2 жасар қыздың эскалаторға қысылып қалған видеосы тарап кетті. Видео кадрларынан эскалатордың төменгі жағына қысылып қалған қызды бірнеше ер адамның құтқарып алуға тырысып жатқаны көрінеді.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі баланың эскалаторға қысылып қалғанын растады.

Әкімдік мәліметінше, оқиға 22 мамырда Астанадағы орталық базарда орын алған.

«Эскалатордағы апатты оқиға салдарынан 2 жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, медициналық көмек көрсетті. Бала шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді», – дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ауруханада қызды дәрігерлер қарағаны, екі білегіне алғашқы хирургиялық ем жасалып, гипс салынғаны мәлімденді.

«Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты. Ол емханада емделуге жіберілді», – дейді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз:

Астанада 13 адам зардап шекті, ал синоптиктер жаңа дауыл туралы ескертуде

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

Шілде айынан бастап зейнетке шығу жүйесі жеңілдетілмекші

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар