Балалар мерт болған кинозалдың есігін айыппұл төлемеу үшін құлыптап қоюы мүмкін

Сеанс кезінде кейбір кинотеатрлардың қызметкерлері көрермендердің саны сатылған билеттен көп болған жағдайда кинозалдың есігін жауып қояды. Кинотеатр иелері қауымдастығының төрағасы Олег Березин қызметкерлер Мәдениет министрлігі мен дистрибьюторларға айыппұл төлемес үшін осындай әрекетке барады деп отыр.

Бұл туралы lenta.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бүгінгі күнде Мәдениет министрлігі мен дистрибьюторлар кинотеатрларды қатаң тексеруге алған. Менің ойымша, олар мұндай қысым мен айыппұлдан қашу үшін кинотеатрдың есіктерін құлыптап қойғанды жөн көрген», – деп түсіндірді Олег Березин.

Кемероводағы өртте балаларды құтқаруға қатысқан «Зимняя вишня» сауда орталығының қызметкері қайғылы жағдайға байланысты маңызды ақпаратпен бөлісті. Ол сеанс барысында кинозалдардың біреуінің есігі жабық болғанын айтты. Ал сол жабық болған залда мультфильм тамашалауға келген бір топ балалар  болған. Өрт тұтанған кезде олар ата-аналарына хабарласып тезірек құтқаруын өтінген. Алайда бір демде тұтанған өрт пен түтін салдарынан оларды құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар бөрененің құлау қаупінен сескеніп кинотеатрға жете алмаған.

Өрт кезінде құтқаруға ат салысқан қызметкер апаттық дабыл және өрт сөндіргіштер болған жағдайда қайғылы жағдайды болдырмауға болатын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Біз жетім қалдық: Ерлі-зайыптылар Кемероводағы сауда орталығының жанында балаларын жоқтады

Қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің сүйек қалдықтары табылды

Сарапшылар болашақтағы ең мықты саналатын елдерді атады

Украина латын әліпбиін кириллицамен бірге қолдануы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар