Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина латын әліпбиін кириллицамен бірге қолдануы мүмкін

 Украинаның Сыртқы істер министрі Павел Климкин елде латын әліпбиін енгізуді талқылады. Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Орталық Еуропа елдерінің өкілдерімен бірге аймақтың тағдырын және ортаеуропалық қоғамдастықтағы Украинаның рөлін талқыладық. Әңгімелесушілер арасында журналистер, жазушылар, бұрынғы саясаткерлер де отырды. Талқылау маңызды және қажет болды. Польшадан келген тарихшы және журналист Земовит Щерек достық әңгіме барысында неге Украина латын әліпбиін кирилл алфавитімен бірге енгізбейтінін сұрады», – деп хабарлады Павел Климкин.

Бұдан басқа, Украинаның сыртқы саяси ведомствосының басшысы осы мәселе бойынша өзінің пікірін талқылауды ұсынды. Климкин сондай-ақ, «бөлінбейді, тек біріктіріледі» деп, осы мәселе бойынша жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Дәретханаға түскен телефонды алмақ болған үш адам көз жұмды

Үш бала бұрышта жылап тұрды: Кемероводағы өрт кезінде 17 жастағы жеткіншек сәбилерді құтқарып қалған

Мектеп мұғалімі 14 жасар қызын Кемерово сауда орталығындағы өрттен құтқарамын деп қаза болды

Кемерово сауда орталығының күзетшісі өрт дабылын сөндіргені үшін 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Талқылау