Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп мұғалімі 14 жасар қызын Кемерово сауда орталығындағы өрттен құтқарамын деп қаза болды

Кемероводағы №17 мектептің мұғалімі Татьяна Дарсалия “Зимняя вишня” сауда орталығындағы  өрттен қызын құтқарамын деп мерт болды.

Сурет: Әлеуметтік желіден алынған

Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады, деп жазады Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Сауда орталығының ішінде болған 14 жасар қыз аман-есен құтқарылған. Оның айтуынша, анасы оны кинотеатрдан шығарып тастады. Алайда олар қалың түтіннің ішінде адасып, бір-бірінен айырылып қалған.

Қызын құтқаруға барған мұғалімнің денесі ғимараттың екінші қабатынан табылды. Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығы лабиринтке ұқсайтындықтан, одан шығу өте қиын болды.

Мектеп оқушылары қайтыс болған мұғалімнің әлеуметтік желідегі парақшасына көңіл айтып, хабарлама қалдырған.

Жіберіп алмаңыз:

Кемерово сауда орталығының күзетшісі өрт дабылын сөндіргені үшін 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Путин: Кемероводағы өрт немқұрайлық пен тәртіпсіздік себебінен болған

Ер адам опасыздық жасаған әйеліне 100 рет дүре соғып, жерлестеріне зорлатқан

Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін Кузбасста үшкүндік аза тұту жарияланды

Талқылау