Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен жақындаспау үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 21:58

Бахрейнде секс-құлдықта болған қарағандылық қыз елге оралды. Жат жерде жезөкшелік қызмет көрсеткен отандасымызды құлдықтан сол жақтың полицейлері құтқарған болатын, – деп хабарлайды КТК арнасы.

бахрейн

 

Самал есімді бойжеткен қазір Астанада тұрып жатыр. Мұнда бұрынғы жігітімен қауышып, дәмханаға жұмысқа тұрып жаңа өмір бастапты. Тіпті, тұрмыс құру жайын да жоспарлап жүр. Ал туған жері Қарағандыға баруға қатты ұялады екен. Онда анасы мен екі жарым жастағы баласы барын айта кетейік. Енді 18 жастағы қыз басынан өткен сұмдық жайтты тезірек ұмытқысы келеді.

Тіпті, Бахрейнге алдап апарған құрбысы мен жеңгетайлардың үстінен арыз да жазбаған. Дегенмен, еліміздің Сыртқы істер министрлігі кінәлілер жазасын алады деп сендіруде. Негізі, Самал Бахрейн астанасы Манамаға бір ай бұрын өз еркімен барған. Бірақ жақын танысы жұмысқа орналастырамын деп алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті.

“Неге екенін білмеймін арабтар Қытайдың қыздарын ұнатпайды. Сол үшін әдейі айтатынмын Қытайдың қызымын деп. Сол кезде мені таңдамайтын. Туыстарымнан қатты ұялып жүрмін. Қарағандыға киімдерімді алу үшін ғана барамын. Баламды сағындым, анамды сағындым”, – дейді Самал есімді бойжеткен.


Жіберіп алмаңыз:

 

Өскеменде 9 жасар қыздың алдында шешінген ер адамды іздеп жатыр

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Қоғамда шет елдік атауларды қазақ тілінде дұрыс айту мен жазу туралы пікірталас жүріп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар